«Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды

«Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды

Бүгін, 2021 жылғы 22 ақпанда, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында «Туған елге мың алғыс!» эстафетасы (челлендж) бастау алды.

Айта кетсек, эстафетаға барлық ниет білдіріушілер қатыса алады.

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Деменьтева бастаған алғыс айту бейне-челленждін ҚХА мүшелері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, журналисттер, блогерлер, еріктілер және т.б. жалғастырды.

Челлендждің міндеті барлық қазақстандықтарды бірлік, бейбітшілік және келісім идеясы төңірегінде топтастыру, қазақстандықтар арасында қоғамдық коммуникацияның жоғары мәдениеті мен алғыс білдіру дәстүрлерін өрбіту болып табылады.

Эстафетаға қатысушылар #туғанелгемыңалғыс, #tuganelgemynalgys хэштегімен әлеуметтік желілерде өздерінің алғыстарын жариялап, бөлісуде.

Эстафета 2021 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. «Туған елге мың алғыс!» челленджіне қызығушылық танытқандардың барлығын қосылуға шақырамыз.

Айта кетейік, эстафета Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен басталды.