АНОНС

АНОНС

2021 жылғы 28 қаңтарда сағат 17:00-де Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Отырыста ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманың новеллалары, сондай-ақ жергілікті өкілді органдар қызметінің ашықтығы мәселесі (сессиялардың онлайн-трансляциясы, сайттағы ақпараттың толықтығы мен өзектілігі) қаралатын болады.

Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/qogam.gov.kz/ ресми парақшасында өтеді.