«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын орналастыру туралы хабарлама

«Ашық НҚА» порталында  Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының  жобасын орналастыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба баспасөз хатшыларының мәртебесін орталық мемлекеттік органдарда С-1 санатының деңгейіне дейін, жергілікті атқарушы органдарда D-2 санатының деңгейіне дейін көтеруді көздейді.
Осыған орай, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5274069