ҚР АҚДМ және ҚР МСМ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ҚР АҚДМ және  ҚР МСМ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін, 28 қазанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен  Мәдениет және спорт министрлігі арасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға министрліктердің жауапты хатшылары Жанат Қожахметов пен Бақытжан Темірболат қол қойды.

Министрліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы шараларды қамтамасыз ету және жүргізу бойынша бірлескен және келісілген іс-шаралар жүргізеді.

Ынтымақтастықтың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға, парасаттылық, ашықтық және әдептілік идеологиясын ілгерілетуге; Министрліктер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының базасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру болып табылады.