«Азаматтар құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету және кемсітпеу. Қазақстанның заң шеңберінде «этникалық азшылықтар» ұғымын пайдалану туралы»

«Азаматтар құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету және кемсітпеу. Қазақстанның заң шеңберінде «этникалық азшылықтар» ұғымын пайдалану туралы»

2020 жылғы 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі-ҚЭЗИ) алаңында «Азаматтар құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету және кемсітпеу. Қазақстанның заң шеңберінде «этникалық азшылықтар» ұғымын пайдалану туралы» тақырыбына сараптамалық кездесу өтті.

Бұл кездесу онлайн форматта өтті, оған ҚХА, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылар тобының мүшелері, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Шойкин, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Мемлекет тарихы Институты, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ҮЕҰ заңды тұлғалар бірлестігінің, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның, «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

Дискуссия барысында талқылау тақырыбы бойынша түрлі пікірлер айтылды.

Атап айтқанда, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис саяси және азаматтық құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау Қазақстанның құқықтық саласында тең мәнді мәнге ие екенін атап өтті. Спикер қазақстандық ұғымдық аппаратты қалыптастыру үшін азаматтар құқықтарының теңдігі туралы негіздемелік заңды қабылдау қажеттігі туралы түсініктеме берді. Сондай-ақ, дискриминация ұғымына анықтама беру, дискриминацияға шағымдарды қараумен айналысатын институттар мен органдар құру ұсынылды.

Өз кезегінде, «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының саяси құқықтар жөніндегі сарапшысы Амангелді Шорманбаев «этникалық азшылық» ұғымы «азшылық» деген жалпы және кең ұғымға енеді деген пікір айтты. Себебі ол тілге қатысты қолданылады – «тілдік азшылық», дінге – «діни азшылық» және т. б.

Дискуссия барысында  «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Бану Нұрғазиева барлық этностардың тең құқықтары бар екенін атап өтті.  Мысал ретінде ол этникалық тегіне, тіліне, жынысына және басқа да белгілеріне қарамастан барлық тілек білдірушілер үшін тең қолжетімділік туралы норма көзделген мемлекеттік қызметті келтірді.

Этносаяси дискурстың сарапшылық алаңының форматы тұрақты негізде өткізіліп, этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді ашық талқылауға бағытталғанын атап өткен жөн.