Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді үйрену бойынша І Республикалық конгресі өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді үйрену бойынша І Республикалық конгресі өтті

Ағымдағы жылғы 23 қазанда Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді үйрену бойынша І Республикалық конгресі өтті.
Конгрестің мақсаты – мемлекеттік тілді Қазақстанның түрлі этностары арасындағы ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттау.
Конгреске ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.А. Әзілханов, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, ҚХА мүшелері мен жастар ұйымдары қатысты.
Конгресс барысында мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері оны үйренудегі табысты тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ қатысушылар қазақ тілінің рөлін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген ел азаматтары үшін «әлеуметтік лифттердің» болашағы мәселелерін талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша конгреске қатысушылар Мемлекет басшысының мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оны қоғамда этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде қолдану жөніндегі бастамасын қолдау туралы этностар өкілдерінің үндеуін жариялады.