2020 жылғы 12 қазаннан бастап 13 қарашаға дейін «Almaty Nomad «Саяхатшылар клубы» ҚБ Арманжан Байтасовтың медиа мектебімен серіктестікте БАҚ өкілдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын және онлайн-тренингтер сериясын өткізеді.
«Қаржы, құқық, медицина, діни, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы проблемалық мәселелер бойынша ақпаратты халыққа жеткізу тиімділігін арттыру» атты әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-тың мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты – халықты осы салаларда шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін БАҚ өкілдерінің қаржылық, құқықтық, медициналық, діни, цифрлық сауаттылығын арттыру.
Жобаның тренерлері – отандық және шетелдік жетекші медиа сарапшылар: «Forbes Kazakhstan» баспагері Арманжан Байтасов, Forbes.kz порталының бас редакторы Анастасия Новикова, құрметті сот, қорғаушы Бақытжан Жакупов, «Кселл» АҚ атқарушы директоры Каспарс Кукелис, КИМЭП жанындағы Құқық мектебінің профессоры, заңгер Айдар Егеубаев, «Такие Дела» медиа жобасының бас редакторы Сергей Карпов (Ресей), Voice of America орыс жаңалықтар қызметінің редакторы Алексей Горбачев (АҚШ) және басқалары.
Оқыту курстары ZOOM алаңында күн сайын жұмыс күндері сағат 18.00-ден 21.00-ге дейін келесі бағыттар бойынша өтеді:
1) а.ж. 12-16 қазан – қаржы саласындағы оқыту курстары;
2) а.ж. 19-23 қазан – құқықтық саладағы оқыту курстары;
3) а.ж. 26-30 қазан – медицина саласындағы оқыту курстары;
4) а.ж. 02-06 қараша – діни саладағы оқыту курстары;
5) а.ж. 09-13 қараша – цифрландыру саласындағы оқыту курстары.
Оқыту курстарына сілтемелерді Facebook, Instagram, Telegram, Youtube әлеуметтік желілеріндегі жобаның @mediatrainingkz парақшасынан, сондай-ақ серіктестердің сайттарынан табуға болады. Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +77055777080, Әлібек.