БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінде Баяндаманы қорғауға дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді

БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінде Баяндаманы қорғауға дайындық  жұмыстары туралы ақпарат берілді

2020 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетімен «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндаманы» талқылау бойынша азаматтық сектор өкілдерімен онлайн-конференция өткізілді.

Атап айтқанда талқылауға мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғаушылар, этносаралық қатынастар саласы мен адам құқықтарын қорғау жөніндегі белсенділер мен сарапшылар шақырылды.

 Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Мажағұлов Баяндаманы БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетте қорғауға дайындық  жұмыстары туралы ақпаратты атап өтті. 

Қатысушылар онлайн-конференция барысында Баяндама мазмұны бойынша сараптамалық пікірлері мен бағаларын білдіріп, ең маңызды мәселелерді қарастырды, Баяндама мәтіні бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

Сонымен қатар, сарапшылармен этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

ҚР АҚДМ баспасөз қызметі