Этносаралық қатынастар саласы
Министрлік жұмысының басымдықтарының бірі елдегі этносаралық келісімді сақтау және нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары іске асырылуда.
Ұлт құрылысы процесінің ағымдағы жай-күйін талдай отырып, Талдамалық баяндама дайындалды.
Ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі жемісті жұмысы үшін «Ел бірлігі» ордені, сондай-ақ «Әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін» және «Мәдениет және өнер саласындағы үздік туындылары үшін» сыйлықтары құрылды.
Этносаралық қатынастар саласында аналитикалық және болжамдық жұмысты күшейту жөнінде шаралар қабылданды. 2023 жылы еліміздің барлық өңірлеріндегі этносаралық ахуал мәселелері бойынша 3 әлеуметтанулық және талдамалық зерттеулер жүргізілді.
Далалық зерттеулер жүргізу үшін еліміздің 10 өңіріне (Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай облыстары, Жетісу облысы, СҚО, БҚО және ШҚО) мониторингтік сапарлар жүзеге асырылды.
Министрлік қызметінің маңызды бағыты этносаралық шиеленісті анықтау және алдын алу, этносаралық негізде қандай да бір инциденттерге жол бермеу болып табылады.
Өңірлік әкімдіктер жұмыста бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында Министрлік әзірлеген этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі әкімдіктердің 2023 жылға арналған кешенді ведомствоаралық жұмыс жоспарын іске асыруда.
Әрбір өңір бөлінісінде этносаралық қатынастарға теріс әсер ететін бар проблемаларға талдау жүргізілді, олардың негізінде өңірлік әкімдіктермен бірлесіп өңірлердің этноәлеуметтік шиеленістерінің картасы өзектендірілді.
Этносаралық шиеленістің алдын алу үшін этномедиаторларды дайындау бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылды. 2023 жылы жергілікті деңгейде Халықпен жұмыс істеу үшін барлық өңірлерден 1 380 тыңдаушы (мемлекеттік қызметшілер, оқу орындарының қызметкерлері және т.б.) оқытылды.
Этносаралық қатынастар саласының ең өзекті тақырыптары бойынша
8 әдістемелік құрал әзірленіп, өңірлерге жолданды.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды оның құрамына сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары және т.б. кірді. 2023 жылғы этносаралық қатынастар саласындағы АТТ жұмыс жоспары, этносаралық қатынастар саласындағы неғұрлым өзекті мәселелер бойынша АТТ-ның әдістемелік ұсынымдары мен ұсынылатын тақырыптарының тізбесі әзірленіп өңірлерге жолданды.
Түрлі іс-шараларға Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуы және сөз сөйлеуі қамтамасыз етілді («Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» («Память во имя будущего»), дүнген этносының қазақ жеріне қоныс аударуының 145 жылдығына арналған «Қазақстан – ортақ Отанымыз» халықаралық жобасы, ҚХА «Ұлт құрылысын қалыптастырудың ғылыми тәсілдері: ҚХА XXXII сессиясында Мемлекет басшысының негізгі тапсырмасы» тақырыбында ғылыми-сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысы; республикалық, өңірлік және қалалық этномәдени бірлестіктерге арналған «Этномәдени ортадағы коммуникация стратегиясы мен тактикасы» тақырыбындағы семинар-тренинг, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш делегациясымен кездесу; «Қазақстан ұйғырларының республикалық бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жыл сайынғы есептік конференциясы, ҚР Парламенттің «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелеріне арналған этносаяси сауаттылық бойынша семинар және т.б.).
Өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметіне талдау жүргізілді, тиісті ұсынымдар әзірленді.
Бұдан басқа, жоспарланған Семинарлар мен семинар-тренингтердің жоспар-кестесі жасалды, оған сәйкес өңірлерде аудандар мен ауылдық округтер әкімдіктері үшін ақпараттық-профилактикалық жұмыс бойынша 20-дан астам әдістемелік семинарлар өткізілді. 2023 жылы ақпараттық кеңістікте этносаралық қатынастарды, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дамыту бойынша 10 мыңнан астам материалдар жарияланды.
Еңбекмині бірлесіп 2023 жылы жергілікті деңгейде «Қоғамдық келісім» КММ-нің 489 қызметкерінің жалақысын 50% - ға арттыру қамтамасыз етілді (110 000-115 000 дейін 160 000 – 165 000 теңге).
Қазақстандық этностарды интеграциялаудың негізгі институты ретінде ҚХА жұмысы жетілдірілуде.
2023 жылы ҚХА құрылымдары 500 мыңнан жуық адамды қамти отырып, 12 мыңға жуық іс-шара өткізді (ҚХА ХХХІІ Сессиясы, ҚХА Кеңесінің 2 отырысы, Алғыс айту күніне арналған форум, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» - «Болашақ үшін есте сақтау» саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ҚХА халықаралық жобасы, ҚХА этномәдени бірлестіктеріне арналған тіл мектебі, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Бейбітшілік пен келісім жолының» халықтық экспедициясы» жобасы, ҚХА журналистер клубы, Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы, ҚХА медиация кеңесі, Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау жөніндегі республикалық дәрісхана, этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауы, Мемлекеттік тілді еркін меңгерген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Ұлы даланың ұлттық тілі» форумы, «Бір ел» ҚХА тарихи-ағартушылық жастар жобасы, «Бірлік» ҚХА халықаралық жастар лагері, Өңірлердің Достық үйлері директорларының республикалық әдістемелік кеңесі, республикалық Аналар кеңесінің отырысы, «Ақсақалдар кеңесі» республикалық өңірлік кеңес отырысы және т.б.).