Түркістан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарының бірі. Түркістан облысының аумағы 117,3 мың шаршы км немесе республика аумағының 4,3%-ын құрайды және Қазақстанның оңтүстігінде Тұран ойпатының шығыс бөлігі мен Тянь-Шаньның батыс сілемдері шегінде Қызылорда облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында және Өзбекстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Климаттың түрі - күрт континенталды.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқы 2075,1 мың адамды құрайды, халықтың орташа тығыздығы аумақтың 1 шаршы км-не 17,58 адамды құрайды.
Жаңа қалыптасқан Түркістан облысы Еуропа мен Қытай арасындағы халықаралық тасымалдаудың ең қысқа жолы болып табылатын, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің, сондай-ақ Оңтүстік елдерді ашатын «Шымкент-Ташкент» дәлізінің қиылысында орналасқан.
Облыста 3 облыстық маңызы бар қала, 14 аудан (оның ішінде 4 аудандық маңызы бар қала), 174 ауылдық округ, 824 ауылдық елді мекен бар.
Түркістан облысының әкімшілік орталығы 191,3 мың адам тұратын Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі – Түркістан қаласы болып табылады. Шымкент қаласынан солтүстік - батысқа қарай 160 км жерде Қызылорда мен Ташкент арасындағы Ташкент темір жолында орналасқан.
Түркістан облысы Қазақстан мәдениеті мен тарихы үшін ерекше маңызға ие. Ежелде бұл жерден Ұлы Жібек жолы өткен, дәл осы жерде қалалық мәдениеттің талбесігі Отырар, Сығанақ, Сайрам, Сауран, Түркістан (Яссы) сияқты қалалар бой көтерген. Бұл өлке әл-Фараби мен Қожа Ахмет Яссауи сияқты ұлы ғұламалардың туған жері болды.
1932 жылдың наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды, оның әкімшілік орталығы Шымкент қаласы болды. 1962-1992 жылдар аралығында облыс Шымкент облысы деп аталып келді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы болып, ал 2018 жылғы 19 маусымнан бастап Түркістан облысы құрылды.
Бұл ретте, Түркістан қаласы 2018 жылғы 19 маусымнан бастап Түркістан облысының әкімшілік орталығы болып табылады (бұрын — Оңтүстік Қазақстан). Түркістан қаласы шамамен 1500 жыл бұрын Хива, Бұхара және Самарқандтан солтүстікке қарай өтетін керуен жолдарының қиылысында құрылған. Түркістан Әмір – Темір империясының құрамына кірді, кейін Қазақ хандығының астанасы болды. Әр түрлі дәуірлерде ол әр түрлі аталды: X ғасырда – Шавгар, XII ғасырдан бастап - Яссы, ал XV ғасырда ол өзінің қазіргі атауына ие болды.
Түркістан облысының климаттың түрі - күрт континенталды. Облыс Тұран жазығының шығыс бөлігі мен Тянь-Шань тау сілемдерінің батысында орналасқан. Бұл өлкеде құмдақ пен саз шөлдері, жазық дала мен тау сілемдері іргелес орналасқан.
Сырдария мен Шу аймақтың ірі өзендері саналады. Аймақты сумен қамтуды жақсарту үшін Түркістан облысында Шардара, Бөген, Кеңсей-Қосқорған, Қапшағай, Көксарай сынды су қоймалары салынған.
Облыстың ауа райы құбылмалы. Қысы – жылы, қысқа, жазы – ұзақ, ыстық.
Солтүстігінде қаңтар айының орташа температурасы – 12 °С, оңтүстігінде -4-2 ºС, шілде айының орташа температурасы +30-35 ºС.
Түркістан облысы кен орындары мен пайдалы қазбалар көп шоғырланға өңір. Республика бойынша уран қорынан бірінші, фосфорит пен темір кені бойынша үшінші орынды иеленген. Бұған қоса барит, көмір, полиметалл кен орындарына, құрылыс материалдарын өндіруге арналған минералды шикізат ресурстарына бай. Олардың арасында әктас, отқа төзімді және бентонитті саз, гипс, кварцты құм, гранит, мәрмәр және т.б. бар.
Облыста минералды су қоры да көп. Сарыағаш шипажайының суы аймақтың мақтанышы саналады. Облыстағы аудандардың терминалды минералды сулары да белсенді пайдаланылады.
Түркістан облысы өңірлік экономикада дамыған индустриалды-өнеркәсіптік кешен мен республика бойынша жетекші аграрлық секторды үйлестіріп отыр.
2021 жылы өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі (2021ж мәлімет) 738,3 млрд теңгені құрады. Облыс өңдеу өнеркәсібіне бейімделген, ол жалпы құрылымда 95,9 %-ды алып отыр, ал тау кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 107,1 %.
Облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада бірінші орында. Агрошаруашылықтың жетекші бағытына суармалы егіншілік пен жайылымды қой шаруашылығы жатады. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 2021 жылы 936,7 млрд теңгені құрады. Оның 100,9 %-ы егіншілік пен бақташылық және 103,3 %-ы мал шаруашылығына тиесілі.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласының жоғары әртараптануымен мақтана алады. Облыстың аграрлық өндіріс кешені мақта, жеміс-жидек, көкөніс, өсімдік майы және т.б. өнімдердің ірі өндірушісі болып табылады.
Туризм – Түркістан облысы экономикасының перспективалы салаларының біріне айналуда. Облыс Орталық Азия мен Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің түйіскен жерінде орналасқан, Түркістан облысының аумағы арқылы маңызды темір жол магистральдары (Түркістан – Сібір және Орынбор – Ташкент т.б) өтеді.
Облыс республика өңірлерінің мәдени - тарихи ресурстарына бай аймақтарының бірі болып табылады. Облыс аумағында 1754 тарихи және мәдениет ескерткіші, оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар нысан (Х.А. Ясауи кесенесі), 31 Республикалық маңызы бар нысан, 421 жергілікті маңызы бар нысан, алдын ала тізімдегі 1301 нысан орналасқан. Түркістан облысының аумағы тек мәдени-тарихи сәулет ескерткіштеріне ғана емес, сонымен қатар негізінен облыстың таулы және тау бөктерінде орналасқан әртүрлі қызықты табиғи нысандармен ерекшеленеді.
Өңірде экотуризмнің негізгі нысандары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: Қаратау және Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорықтары, Сайрам - Өгем ұлттық табиғи паркі, Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркі, сондай-ақ табиғат әуесқойларының бір күндік маршруттары кеңінен дамыған жекелеген бірегей табиғи нысандар болып табылады. Оларға мыналар жатады: Қазығұрт тауы, Ақбура бұлағы, қырық Шілтен жырасы, «Жылақата» әулиесі, Машат шатқалы.
Экстремалды туризмді сүйетіндер Қызылқұм құмдары мен Тянь-Шань таулы аймақтарын, шахталарды, тау-кен қазбаларын, Ақмкешіт үңгірін және т.б. күтеді. Ақсу-Жабағылы және Қаратау мемлекеттік табиғи қорықтары ЮНЕСКО-ның биосфералық қорығы мәртебесіне ие.
Түркістан облысының інжу-маржаны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы деп танылған ұлы қолбасшы Әмір Темірдің бастамасымен салынған бірегей сәулет ескерткіші – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі-ортағасырлық сәулет өнерінің теңдесі жоқ шедеврі. Бұл 30 түрлі залдардан тұратын сарайлар мен бөлемелердің таңғажайып кешені. Декордың талғампаздығы, төбелердің өрнекті қоймалары, түрлі-түсті мозаика таң қалдырады. Ескерткіш өзінің бастапқы түрінде қалпына келтіріліп, мемлекеттің қорғауында. Кесене
14 ғасырдың Шығыс моншасынан, 15 ғасырдағы Рабиға сұлтан бегім кесенесінен, 12 ғасырдағы Қылует жерасты мешітінен, 16 ғасырдағы Хан ордасы мен 12 ғасырдағы мешіттен тұратын Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейіне кіреді. Жыл сайын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне
1 миллионнан астам бір күндік келушілер келеді.