Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қостанай облысы

Жалпы мәлімет

Қостанай облысы – Қазақстанның солтүстік облыстарының бірі. Оның ауданы 196 мың шаршы км, бұл - ел өңірлері арасында 4-ші орын. Мұндағы халықтың тығыздығы 1 км2-ге 4,4 адамнан келеді.

Облыс Қазақстанның бес облысымен (Ақтөбе, Ұлытау, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Қорған, Челябі және Орынбор) шектеседі.

Бүгінгі таңда облыс халқының саны - 832,1 мың адам, оның ішінде қалалық – 515,1 мың адам (61,9%), ауылдық – 317,0 мың адам (38,1%).

Ұлттық құрамы бойынша облыс халқының саны мынадай: қазақтар – 41,9%, орыстар – 40,4%, украиндар – 7,8%, басқа ұлттар – 9,9% (2022 жылдың басындағы деректер, 2022 жылға ақпарат 2023 жылдың мамырында беріледі).

Әкімшілік-аумақтық бөлініс

Қостанай облысына 6 қала (1 облыс орталығы – Қостанай қ., 4 моноқала – Арқалық, Жітіқара, Лисаковск және Рудный қалалары, 1 шағын қала – Тобыл қ.), 16 аудан, 517 ауыл және 7   кент кіреді.

Облыстың әкімшілік орталығы — 264,4 мың адам тұратын Қостанай қаласы (облыс халқының 31,8%).

Рудный қаласында халық саны – 123,3 мың адам (14,8%), Лисаков қаласында – 34,8 мың адам (4,2%), Жітіқара қаласында – 35,3 мың адам (4,2%), Арқалық қаласында – 28,9 мың адам (3,5%), Тобыл қаласы – 28,5 (3,4%).

Облыс  орталығы

Қостанай қаласы Тобыл өзенінің бойында орналасқан, солтүстік бөлігін Торғай үстірті алып жатыр.

Қала тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады, сол кезде болашақ қаланың орнына Ресей империясы Торғай облысының құрамына кірген Николаевск қонысын сала бастаған.

Қостанай қаласының негізі 1879 жылы қаланған. Содан бері қала ірі сауда орталығы, көлік торабы ретінде дамыды. 1912 жылы Оңтүстік-Сібір теміржол жүйесіне енгізілгеннен кейін қала ерекше қарқынмен қарыштай бастады.

1920 жылы қала Ақтөбе облысы Қостанай округінің орталығы болды, ал 1936 жылы  Қостанай облысының әкімшілік орталығына айналды. 1878 жылдан бастап 1905 жылға дейін қала Николаевск деп  аталды, содан кейін қазіргі атауына ие болды.

Облыстың тарихы

Өңір тарихы 1936 жылы Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарының құрамынан аудан бөлу арқылы жаңа облыс пайда болғаннан басталды.

Ол кезде облыс Қостанай деп аталды, содан бері орталығы Қостанай болып келеді.

Облыс құрылған сәттен бастап Қазақстанның жетекші аграрлық өңірлерінің  біріне айналды. 1950-1960 жылдары «тың игеру» кезеңінде өңірдің ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды.

Бұл кезеңде темір кен орындары да белсенді түрде игеріле бастады. Нәтижесінде облыстың индустриялық келбетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Дәл сол кезде 1957 жылы облыс картасында Рудный қаласы пайда болды, бүгінде ол облыстағы  қалалардың ішінде халық саны бойынша екінші орынды иеленіп отыр.

Табиғи-климаттық жағдайы

Қостанай облысы жазық жерде орналасқан. Облыстың негізгі бөлігі далалы аймақта Торғай және Орал алды үстіртін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығын алып жатыр.

Қостанай облысында су ресурстарының тапшылығы байқалады. Облыс аумағында шамамен 300-дей ұсақ өзен бар. Облыстың ірі су арналары Тобыл, және Торғай өзендері болып табылады.  Облыста сегіз мыңнан астам көл бар. Олардың ең ірілері: Сарыкөл, Алакөл, Құсмұрын, Қойбағар, Ақкөл, Теңіз және т.б.

Қостанай облысының климаты құбылмалы. Қысы ұзақ, аязды, қатты желді және қарлы боранды болып келеді, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы – 18-19 ºС, ал шілде айының орташа температурасы – +20-21 ºС.

Облыста алуан түрлі өсімдік өседі. 1960 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты ауданның көп бөлігі жыртылды. Солтүстік бөлігінде қайың, селеулі өсімдіктер басым, көктерек тоғайлары мен қарағайлы ормандар бар; орталық бөлігінде шөпті өсімдіктер, Наурызымқарағай  орманы, оңтүстік бөлігінде-бетегелі-селеулі және жусан өсімдіктері өседі.

Қостанай облысының жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Мұнда магнетит және оолит темір кені, қоңыр көмір, асбест, боксит, отқа төзімді және сазды кірпіш, шыны құмы, құрылыс тасы және т.б. кездеседі. Облыс бойынша барлығы шамамен 400 пайдалы қазба мен минералды шикізат игеріліп отыр.

Туризм

Облыстың кең аумағы мен табиғи ландшафттарының алуан түрлі болуы, су қоймаларының жағалауында демалыс базалары мен қонақ үйлердің болуы сауықтыру, экологиялық, мәдени-танымдық турларды, сондай-ақ демалыс күнгі турларды ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Осылайша, Қостанай облысының аумағында 6 шипажай-курорттық бағыттағы объектілер жұмыс істейді: 2 санаторий («Сосновый бор», «Жайлау», Алтынсарин ауданы), 1 профилакторий («Денсаулық», Жітіқара ауданы), 3 оңалту орталығы (мүгедектерге арналған облыстық оңалту орталығы, Қостанай қ.; балаларды оңалту орталығы, Рудный қ., М. Қарабаев атындағы облыстық оңалту орталығы, Меңдіқара ауданы).

Шипажайлар Алтынсарин ауданының аумағында минералды су және сульфатты-балшық, қарағайлы орманды көлдер маңында орналасқан және емдік, диагностикалық және профилактикалық қызметтердің, су және балшықпен емдеудің, климаттық терапияның, сондай - ақ түрлі ойын-сауық және спорттық-сауықтыру қызметтерінің тізбесін жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Қостанай қаласының аумағында орналасқан «Therma park» СПА-кешені туристердің үлкен қызығушылығын тудырады. Бұл көлемі 18 000 шаршы метрден асатын бірегей сауықтыру кешені болып табылады, Қазақстанның солтүстік өңірлері арасында оның баламасы жоқ. Термопарк «Kostanay Plaza» сауда-ойын-сауық орталығының төрт деңгейінде (оның ішінде төбесінде) орналасқан және оған 24 су-монша кешені (орыс, фин, тұз, тас және басқа да монша түрлері), су аттракциондары, 5 бассейн, оның ішінде термалды, оның екеуі ашық аспан астында, 2 джакузи, 4 офуро (дәстүрлі жапон ваннасы) бар. Термапарктің жалпы сыйымдылығы – 1600 адамды құрайды.

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының алуан түрлілігі мен бірегей табиғатының байлығы экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қорық ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандарының тізіміне енгізілген. Қорық аумағында 6 экскурсиялық маршрут әзірленген. Барлық маршруттар туристерге ыңғайлы болу үшін беседкалар, 3 тілдегі ақпараттық стендтер, қоқық жәшіктері, дәретханалар және орындықтармен жабдықталған.

2022 жылы Науырзым қорығы Мәдениет және спорт министрлігі өткізетін «Neo Nomad 2022» акциясының шеңберінде елдің туристер үшін белгіленген 20 туристік орындарының тізіміне енгізілген.

Одан басқа, өңірде 300 жуық ұсақ өзендер мен 5 мыңнан астам көл, 99 аңшылық шаруашылығы және 240 балық шаруашылығы су қоймалары бар, олар оқиғалы туризмге жататын аң және балық аулауды дамытуға ықпал етеді. Облыстың аңшылық шаруашылықтарының ауданы 16 млн. 648 мың га құрайды. 

Сонымен қатар, жалпы өңірде 28 туристік маршрут әзірленген, олар оқиғалы, экологиялық, мәдени-танымдық экскурсиялармен, сондай-ақ демалыс күндерінің маршруттарымен ұсынылған.

Туристерге ыңғайлы болу үшін облыс аумағында 108 қонақ үй жұмыс істейді, нөмірлік қоры 2183 бірлік, оның ішінде облыс орталығында 46 қонақ үй орналасқан, нөмірлік қоры 775 бірлікті құрайды.

Жалпы облыс бойынша 3 қонақ үйдің «4 жұлдыз» санаты бар, олар «Медеу», «Тобыл», «Горняк» және «3 жұлдыз» санатындағы 2 қонақ үйлер «Palazzo» және «Целинная». 

Өнеркәсіп

 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы сомасы 2 441,3 млрд. теңгеге өнім өндірген. Облыстың өнеркәсібі құрылымында ең көп үлес өңдеу саласына – 64,2% және тау – кен өндірісіне – 32,6% тиесілі.

Өңір хризотил-асбест және темір кені түйіршіктерінің республикалық көлемінің 100% өндіреді, сондай-ақ автомобильдер өндірісі бойынша 1 – орынды алады (республикалық көлемдегі үлесі-62%).

Өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары да жұмыс істейді, олардың ішінде өңдеу секторында: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС (автомобиль жасау), «АгромашХолдинг KZ» АҚ (тракторлар мен комбайндар өндірісі), «Баян Сұлу» АҚ (кондитерлік өнімдер өндірісі), «Фирма Арасан» ЖШС ФРФ (сыра және алкогольсіз сусындар өндірісі), «ЕвразКаспианСталь» ЖШС (металлургиялық өндіріс); тау-кен өндіру саласында: «ССКӨБ» АҚ (темір кені концентраты мен шекемтастар өндірісі), «Қостанай минералдары» АҚ (хризотил-асбест кендерін өндіру және байыту), «Қазақстан алюминийі» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы (бокситтер өндірісі), «Комаров кен кәсіпорны» ЖШС (құрамында алтын бар кен өндіру) және т.б.

Сонымен қатар, облыстың инвестициялық тартымдылығы жоғары, облыс әкімдігі ықтимал инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды.

Осылайша, мысалы, облыс орталығының аумағында өндірістік объектілер орналастырылатын инженерлік инфрақұрылымы бар, ауданы 400 гектарды құрайтын Индустриялық аймақ жұмыс істейді .

Мәдениет

Қостанай облысы табиғи және мәдени мұраға бай. Өңірде 1140 тарих және мәдени ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 5 республикалық маңызы бар   (екі мәрте Кеңес Одағының батыры Л.И.Беданың мүсіні, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры И.Ф.Павловтың мүсіні, Ы. Алтынсариннің ескерткіші, Екідің  I және  II ғұрыптық  ескерткіштері) және жергілікті маңызы бар 1135 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде 1051 археология, 39 қала құрылысы және сәулет ескерткіші, 4 киелі объект және   41 монументтік  өнер құрылысы.

Қазақстанның киелі жерлерінің  картасына облыстың 39 нысаны (жалпыұлттық маңызы бар - 10, өңірлік  маңызы бар - 29) енгізілген.

Облыстың  жалпыұлттық маңызы бар тарихи ескерткіштерінің  ішіндегі  ең танымалы     VIII – IX дәуірдің     Екідің  I және  II ғұрыптық  ескерткіштері, Бестамақ қорымы,  Лисаковск археологиялық кешені.

Қостанай облысында орналасқан Торғай  алқабы  қола дәуірінің  бірегей археологиялық ескерткіштері - Торғай геоглифтері  (Үштоғай  төрттағаны, Торғай трикветрі) табылғаннан кейін  ғана  әлемге әйгілі болды.

Ал  Қостанай қаласынан 7 шақырым жерде Тобыл өзенінің жағалауында орналасқан  қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, қоғам қайраткері  Ыбырай Алтынсариннің кесенесі біздің өңірдің ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышына айналды.

ХІХ ғасырдың аяғындағы Қостанай қаласының көрнекті сәулет ескерткішінің бірі  «Ақмешіт»  мұсылмандар  мешітінің ғимараты болып табылады. 2019 жылдың қыркүйек айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін мешіт ғимаратында ғылыми-реставрациялық    жұмыстары  жүргізілді. Бүгінгі таңда   Ақмешіттің әсем де зәулім ғимараты қала тұрғындарының  көз жауын алып, Қостанайдың басты көрікті жерлерінің қатарынан орын алды. Қостанай облысы  Жангелдин  ауданы  Ақкөл ауылына  жақын жерде  Ахмет Байтұрсыновтың өмірге келген үйі бар. Сонымен бірге әулеттің үлкен қорымында Ахметтің әкесі Байтұрсын, ағалары Қали және Мәшен жерленген.  2022 жылы Ахмет  Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуын мерекелеу аясында А.Байтұрсынұлының жаңа Музей-үйі салынды.

Қостанай облысында 9 мемлекеттік музейлер бар. Олардың әрқайсысы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға, өңірдің мәдени ортасын қалыптастыруға, жас ұрпақтың жасампаз өмірлік ұстанымын және этникалық сана-сезімін дамытуға зор үлес қосып келеді.

Бүгінгі күні облыс музейлерінің қоры - 318492 жәдігерден, негізгі қоры - 206831 жәдігерден тұрады.

Жыл сайын музейлерге 700 мыңнан астам адам келіп, оның мәдени-білім беру бағдарламаларына қатысады.

Музейлердің археологиялық жиынтығында, әлемге танымал алғашқы қауымдық өнердің ғажайып туындысы «Тобыл ойшылы», найза ұштары, балық бейнеленген күмістен құйылған айна және т.б. бар.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

ins
fb
yt

Меню подвал