Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Оңтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан – Қазақстанның көптеген тарихи-мәдени мұра ескерткіштері шоғырланған аумақ. Мұнда көне қоныстар, көне кесенелер, діни ғибадат ету нысандары бар.

Мыңдаған жылдар бойы ежелгі қалалардың жиынтығы болған әйгілі «Алтын сақина» Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасқан. Бұл жерлер арқылы сан ғасырлар бойы Қытайдан Еуропа мен Таяу Шығысқа апаратын керуен жолдары, әйгілі Жібек жолы өткен.

Оңтүстік Қазақстанның көрікті жерлеріне баратын бағыттар Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласы арқылы немесе Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы арқылы өтеді.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Қазақстанның оңтүстігінде Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – 1385-1405 жылдар аралығында салынған сәулет өнерінің жауһары, сарайлар мен храмдардың таңғажайып кешені.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген және тиісті бөлімде сипатталған.

Айша бибі кесенесі

Айша бибі кесенесі - Жамбыл облысы, Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Аңыз бойынша, Қарахан хан сүйіктісі Айша бибіге арнап кесене тұрғызған.

Кесененің табаны текше. Оның төрт бұрышында да үлкен бағаналар тұрғызылған. Кесененің өрнектерінде Қазақстанның ежелгі тайпаларының дәстүрлі ою-өрнектері бейнеленген. Демек, андронов және сақ тайпаларының өнеріне тән күндік, зооморфтық, геометриялық өрнектер бар.

Арыстан-Баб кесенесі

Арыстан-Баб кесенесі — 12 ғасырда өмір сүрген атақты Арыстан-Бабтың бейітінің үстіне салынған құрылыс. Кесененің алғашқы құрылысы 14-15 ғасырларға жатады. Осы алғашқы құрылыстан кейін ойылған ағаш бағаналар сақталған.

18 ғасырда жер сілкінісінен қатты бүлінген көне мазардың (қабір) орнында екі ойылған ағаш бағандарға тірелген айваны бар екі күмбезді құрылыс салынды. Бұл ғимарат та уақыт өте құлап, 1909 жылы жаңа кесене бой көтерді.

1971 жылы Арыстан-баб кесенесі жер асты суларының деңгейі көтерілуінен қатты зақым келгендіктен қайта салынды.

Қазіргі уақытта кесене Орталық Азия мұсылмандары арасында құрметті орын және зиярат ету нысаны болып табылады. Аңыз бойынша, Арыстан-Баб Мұхаммед пайғамбардың серігі болған, сонымен бірге ол төрт ғасырдан кейін өмір сүрген Қожа Ахмет Яссауидің рухани ізашары болып саналады.

Ақсу-Жабағылы

Ақсу-Жабағылы – Қазақстандағы ең көне, әрі Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфералық резерват мәртебесін алған алғашқы қорық. Ақсу-Жабағылы Батыс Тянь-Шань тау бөктерінде теңіз деңгейінен 1000-нан 4280 м биіктікте орналасқан.

Ақсу-Жабағылы аумағында жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан және бірегей түрлері өте көп.

Теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан қорықта ерекше табиғатпен қатар – жабайы және үй жануарлары, ежелгі салт-дәстүрлер бейнеленген көне петроглифтер жинағы бар.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

ins
fb
yt

Меню подвал