Қазақстан экологиялық туризмнен бастап iскерлік туризмге дейін туризмнің барлық түрлерiнің дамуы үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған халқымыздың бай тарихы мен еліміздің аумағында сақталып қалған тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындардың жиыны үлкен мүмкiндiк туғызады. Ерекше географиялық жағдайдың арқасында Қазақстаннан адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштарын табуға болады.
Бұл туристтiк инфрақұрылым дамуының, визалық режимнің үнемі жетілдіріліп отыруының және басқа да жағдайлардың негізінде жүзеге асады.
Қазақстанда бүгiнгi күні туризмнің келесi түрлерi жетiліп келеді:
Археологиялық ескерткіштердің саны, архитектурасы және тарихы бойынша Қазақстан "аспан астындағы ашық мұражай" ретінде таныстырылады. Туристтер Жібек Жолы бойындағы ежелгі қалаларды аралап, Тамғалы петроглифтерін тамашалап немесе сақ заманың обаларымен және Манғыстаудағы әйгілі мазарлармен таныса алады.
Қазақстанның қазіргі өмірімен танысу үшін Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен және Ақтау қалаларынан жолға шыққан қолайлырақ болады. Қолданыстағы туристтік инфрақұрылым кез келген бағаға, кез келген талғамға орай өз қызметтерін ұсынады.
Табиғат көріністері бастапқы қалпында сақталып қалған аумақтардың саны мен әртүрлілігі экологиялық туризмді ұнататын жандар үшін Қазақстанды ерекше тартымды етіп көрсетеді. Қазақстанның аумағында 12 ұлттық табиғи парк пен 10 қорық жұмыс жасайды.
Қазақстан өзінің аумағының және географиялық жағдайының арқасында, туристтер жеке мемлекеттердін қатарынан іздестіретін табиғи аймақтардың барлығын дерлік осы жерден тамашалауға мүмкіндік береді. Орталық Қазақстанның даласы мен көлдері ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұрасының тізіміне енгізілген.
Оңтүстік-шығыс пен шығыстағы ландшафттар, флора мен фаунасы әр түрлі таулар мен тау жоталары Еуропадағы атақты Альпі аймағымен салыстырыла алады. Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі жабық су қоймасы. Қазақстанның оңтүстік-батысындағы шөлді жерлер фототуризммен айналысатын қонақтарды таңдандыра алады. Қазақстандағы экотуризм, ол сонымен қатар елдің солтүстігіндегі Бурабай көлінің айналасындағы ормандар және тағы басқалар.
Экотуризмді ұнататын жандар үшін Қазақстанның туристтік компаниялары мыңдаған маршруттарды әзірлеген, сол жерде табиғи объектілерді тамашалаудан басқа, көшпенділердің ежелгі тұрмысымен жақын танысуға болады.
Қазақстан спорт туризмі үшін керемет жағдай жасаған. Еліміздегі спорт туризмінің негізгі бағыттары: тау шаңғысы туризмі, альпинизм, өзендер мен көлдерді аралау туризмі, атты туризм, велотуризм және т.б. Қазақстанның табиғаты спорттың әр түрімен, соның ішінде экстремалды спорт түрімен айналысуға жағдай жасаған, ал қазақстандықтар өз кезегінде тиісті инфрақұрылымның қамтамасыз етілуі үшін күш салады. Мысалы, Шымбұлақтау шаңғы курортының трассасы әлемдегі үздік трассалардың бірі болып саналады.
Қазақстан - 6ұл емдік-сауықтыру туризмі үшін ғажайып орын. Басты ерекшелігі - емдік табиғи ресурстарды - ыстық бұлақтар, емдік балшықтар, шипалы климатты белсенді қолдану. Қазақстанда қымызбен емдеу, минералды сумен емдеу қолданылуда. Сонымен қатар заманауи жабдықтармен жабдықталған шипажайлар «табиғи базалардың» жанында орналасады.
Денсаулығын нығайтып, демалып, күш жинаймын деушілерге Қазақстанда көптеген демалыс үйлері тұрғызылған. Олар экологиялық таза және әдемі орындарда орналасқан: Алакөл көлінің маңайында, Бурабай және Баянауыл курорттық зонасында, Каспий теңізінің жағалауында, Іле және Жоңғар Алатауы бөктерінде, т.б.
Қазақстанда діни туризм көбінесі мұсылман дінінің объектілеріне қатысты болып келеді. Бұл жерде ислам дінін ұстанушылар мешіттерге, кесенелерге, әйгілі діни қайраткерлерге арналған орындарға бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан Баб кесенесі, Шақпақ ата және Бекет ата жер асты мешіті және т.6.
Қазақстанның қазіргі діни ғимараттары да назар аудартпай қоймайды. Олардың ішіндегі жауһары - Астананың "Қазақ елі" алаңында орналасқан "Әзірет Сұлтан" мешіті.
Қазақстанда мешіттерден басқа бірқатар тамаша православиелік шіркеулер де кездеседі, олар: Алматыдағы Вознесенский кафедралы соборы, Астанадағы Успенский кафедралы соборы, Өскемендегі Свято-Троицкий храмы, Семейдегі Воскресенский соборы және т.б.
Елдің оңтүстік-шығысы мен Алтай өңірінде Қазақстан аумағында буддизмнің болғандығын көрсететін объектілер бар.
Іскерлік туризм жыл сайын Қазақстанның ең ірі қалаларына қонақтардың назарын аудартып келеді. Бұл қатарға ең алдымен Астана, Алматы және Атырау қалалары кіреді. Бұл жерлерде шетелдік і бизнес-туристтерді қызықтыратын түрлі-түрлі аймақтық және халықаралық конференциялар, басқосулар, симпозиумдар өткізіліп тұрады.
Туризмнің бұл түрін дамыту үшін қалаларда туристердің әр түрлі топтарына бағытталған қонақүйлер ' тұрақты тұрғызылады: ең белгілі әлемдік мейманханалық желілердің бес жұлдызды қонақүйлері, жайлы шағын қонақ үйлер, сонымен бірге қарапайым хостелдер.