Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өнер

Қазақ мәдениетiнде бейнелеу өнерi көшпелi тұрмыс ерекшелiктеріне және өзiндiк табиғат жағдайларына байланысты ұзақ уақыт бойы декоративтi-қол өнерi түрінде дамыды. Шынында да, XIX ғасырға дейiн қазақтардың өмiрлiк жағдайы кескін немесе мүсін секілді бейнелеу өнерiнiң дамуына мүмкіндік бермеді, сондықтан қоршаған ортаны бейнелеудегі шығармашылықтың негiзгi объектiлерi – күнделiктi тұрмыстық объектiлер болды. Сол уақыттарда қазақ шеберлері мен қолөнершiлерiнің көркемөнер туындылары дүниеге келді.

Ежелгі дәуір

Ежелгi Қазақстан аумағындағы бейнелеу өнерiнің қызықты да көрнекті туындылары - жартасқа салынған суреттер болып табылады. Олардың ішіндені ең танымалы - қазiргi Алматы облысының аумағында орналасқан Тамғалы археологиялық кешенінің петроглифтері (қараңыз 8б8б – ЮНЕСКО нысандары).

Жартастардың бетіне бұғылар, бұқалар, жылқылар, арқарлар мен тағы басқа жануарлардың және адамдардың пішіндері бейнеленген. Тастарға бейнеленген қандай да бір ритуалды биді орындап жатқан адамдардың бейнесі де өте қызық. Тамғалы петроглифтер кешенінде “Күн басты” адамның пішіні ерекше орын алады.

Негiзiнен, Жетісу аймағында петроглифтер саны жағынан да, сюжеттерiнің әртүрлілігі жағынан да, әбден жетілген стилі мен техникасы жағынан да ең көп ежелгі ескеркіштер орналасқан. Батыс Жетісуды – Тамғалы ғибадатханасы, ал Солтүстiк-шығысында – Ешкіөлмес және Баян-Жүрек. Қазақстан аумағын ертеде мекендеген халықтардың бейнелеу өнерiндегі тағы бiр әйгiлi мұрасы - сақтардың “аң стиліндегі” бұйымы. Б.з.д. VIII ғасырларда сақтар қолданған бұйымдардың басты ерекшелігі - ол аңдардың жеке бөлігін немесе аңдардың күресін, шайқасын бейнелеген (қараңыз 3б3б – Сақ тайпалары).

Орта ғасыр

Орта ғасырларда қазiргi Қазақстан аумағында әр түрлi мемлекеттер кезектесіп дамыған. Бұл кезеңде Ұлы Жiбек жолы шеңберiнде сауда белсендi жүріп, қолөнер саласына жаңа әдістер келіп, осы жерді мекендеген халықтың мәдениетін дамытты. Бұл сауда, негізінен, жергiлiктi ұсталардың шағырмашылық белсенділігін арттырды. Дәл осы уақыттарды Қазақстан декоративтi қолөнерiнің негiзгi түрлері қалыптаса бастады, олардың кейбірі бүгінгі күнге дейін дамып келеді.
Зергерлік өнер. Зергерлік өнер қазақ өнерінің басқаларына қарағанда кәсіби түрде дамыды.

Зергерлер бұйымдардың көптеген түрлерін жасады: әйел әшекейлері, киім бөлшектерi, асхананың құрал-жабдықтары, ағаш киіз үйдің құралдары, жиhаздар, ағаш және тері ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері.

Зергерлердің қоп қолданатын материалы күмiс болды және әлі күнге дейін солай болып келеді. Күмiс аймен байланыстырылады. Қазақ мәдениетiнде күміс өте жағымды және тазартқыш қасиетке ие.

Киiзден жасалған өнімдер. Жүннен жасалған тығыз материал - киіз қазақтар үшiн аса маңызды материал болды: одан киіз үйдің жабындысын, сонымен бірге, киіз үйдің ішкі жасау-жабдықтарын әзірлеген. Киiзден жасалған кiлемдер - маңызды қолөнер объектiлерінің бірі. Жерге төселетін және киіз үйдің қабырғасына ілінетін кілемдердің жасалу тәсілдері де әртүрлі болған: кілемді жасау кезіндегі оюларды салу немесе ақ киіздің үстіне материалдардан жапсырмалар жасау.

Кестелеу. Киiзден жасалатын қолөнер бұйымдарымен декоративтi қолөнердің бір түрі - кестелеу тығыз байланысты. Киiзді, қатты маталарды, барқытты, жiбекті кестелеген. Кестемен жастықтардың тыстарын, ат әбзелдерін, кеселерді сақтайтын дорбаларды, сүлгілердің жиектерін безендірген. Сонымен бiрге кесте киiмді сәндендіру үшiн де пайдаланылған: көйлектер, бас киiмдер, шапандар, жейделердiң жағалары, такиялар.

Терi өнерi. Қазақтардың өмiрінде теріден жасалған әр түрлi бұйымдар маңызды орын алған. Терiлерден әр түрлi киiмдердi, былғарыдан аяқ киiмдер, әр түрлі ыдыстарды, ат абзелдерін, сандықтарды тіккен. Тері өңдеу өнеріндегі ерекше сала – былғарының көмегімен өрнектер салу. Бұл іспен ер адамдар айналысқан. Бүгiнге дейiн қазақ қамшыларын жасау ерекше өнер болып саналады.

Қазiргi бейнелеу өнерi

Классикалық түрдегі бейнелеу өнерi Қазақстанда XIX ғасырдан бастап дамыды. Мұндай дамуға Орталық Азияға саяхат жасап, туындылары дәл осы жерде дүниеген келген орыс суретшiлерi - Василий Верещагин мен Николай Хлудов шығармашылығы себеп болды. Жергiлiктi кескiндеме мектебiнің қалыптасуына біраз суретшiлердің Н. Хлудовтың шәкірттері болуы әсер етті. Олардың арасындағы ең танымалы - Әбілхан Қастеев. Қазіргі таңда оның атымен Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайы аталады. (қараңыз 4б7б – Мұражайлар).

Жалпы алғанда, қазақстандық бейнелеу өнерiнiң мектебi ХХ ғасырдың 40-жылдарында қалыптасып, 50-жылдарында гүлденді. Бiртұтас кеңес жүйе шеңберiнде білім алған жергiлiктi суретшiлер, кескіншілер, мүсiншiлер өз шығармаларында ұлттық сарынды пайдаланып, туындыларын жарыққа шығара бастады. Суретшілер - О. Таңсықбаев, Ж. Шарденов, К. Телжанов, М. Кенбаев, А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, С. Романов, И. Бондаренко, С. Айтбаев, кескіншілер - Е. Сидоркина, А. Гурьева, М. Кисаметдинова, А. Дузелханова, мүсіншілер - Х. Наурызбаева, Е. Сергебаева, Р. Ахметова, Т. Досмагамбетова, Е. Мергенова есімдері қазіргі таңда отандық өнердiң мақтаныштары.

80-жылдардың аяғында Қазақстанда ескірген формалар мен образдарға қарсы, жаңа ізденістер мен идеяларға негізделген авангардтық бағыт қалыптасты. Сол уақыттарда өз шығармашылығында формализмнен бас тартқан суретшілердің көбі бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие.

Қазақстанның қазiргi бейнелеу өнерi

Жетекші суретшiлер:

Лейла АХМЕТ ОСМАН – көбіне гобелен жасау саласында жұмыс жасайды. Дәстүрлi түрiк сарынында да, қазiргi абстракциялық сарында да жұмыс жасайды. Көптеген жалпыұлттық және халықаралық көрмелердiң қатысушысы, оннан аса жеке көрмелердiң авторы.

Ерлан АЙТУАРОВ - тарихи сурет, пейзаж және портрет жанрлары саласында жұмыс iстейдi. Шыңғыс ханға арналған суреттер топтамасын жасаған. Көптеген қоғамдық ғимараттарды безендірген, Абылай хан монументінің (Ақмола облысы, Бурабай поселкесі) және бірнеше мүсiндiк шығармалардың авторы. Жұмыстары КСРО-дағы бүкiлодақтық және шетелдiк көрмелерге қойылған. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерi; ҚР Көркемөнер академиясының академигi, ҚР суретшiлер одағының мүшесi. Суретшiнiң шығармалары Қазақстанның, Ресейдің, Францияның, Израилдің, Германияның мұражайлары мен жеке топтамаларына қойылған.

Амандос АҚАНАЕВ – Қазақстан Көркемөнер Академиясының академигi. Туған жеріне арналған көркем шығармалар циклі үшін 2010 жылы Мемлекеттiк сыйлықақы иеленген. Өз жұмыстарында Еуропа өнерiнiң станокты дәстүрлерiмен Азия көшпендiлерiнің мұрасын тоғыстырады.

Руслан АҚАНАЕВ — кескінші, мүсiншi, фотосуретші. ҚР Көркемөнер Академиясының мүшесi. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне, “Ақордаға”, Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Түркия, Франция президенттерiнің топтамаларына қойылған.

Ботагөз АҚАНАЕВА – кескінші, мүсiншi, дизайнер. ҚР Көркемөнер Академиясының мүшесi. Отандық және халықаралық көрмелердiң қатысушысы.

Балнұр АССАНОВА — костюм бойынша суретшi, дизайнер, өнертану ғылымының кандидаты, “Сымбат” сән Академиясының арт-директоры, халықаралық көрмелердiң лауреаты, халықаралық ұлттық костюмдердің Мәскеуде (Ресей), Дубайда (БАӘ), Вашингтонда (АҚШ) және Алматыда өтетін сән апталарының тұрақты қатысушысы.

Мажит БАЙТЕНОВ – суретшi, кескінші. ҚР Көркемөнер Академиясының академигi. Халықаралық, республикалық және қалалық көрмелердiң қатысушысы. 1973 жылы қазақстандық суретшiлердiң арасында бiрiншi болып станокты кескiндемеде декоративтi қолөнердің бейнелеу әдiстерiн пайдаланды. Өз шығармашылығында суретшi дәстүрлi тәсілді де, авангардты бейнелеу әдiстерiн де қолданады.

Марат БАКЕЕВ — халықаралық, республикалық көрмелер мен Алматы қаласында өткен халықаралық арт-фестивалдің қатысушысы.

Армат БЕКТАСОВ – суретшi, мүсiншi. Көптеген халықаралық, жалпыұлттық көрмелердiң қатысушысы.

Бақытнұр БУРДЕСБЕКОВ - қазiргi қазақстандық суретшi. Қазақстан суретшiлер одағының мүшесi. Астанада тұрады, жұмыс iстейдi.

Ғалым ҚАРЖАСОВ - суретшi, ҚР Көркемөнер Академиясының академигi. Қазақтың декоративтi-қолданбалы шығармашылық дәстүріне сүйеніп, пластикалық және бейнелілік жүйесінде өзінің стилистикасын жасайды.

Эдуард КАЗАРЯН – мүсiншi, кескінші, декоративті қолөнер саласында жұмыс iстейді. 1990 жылдан бері Қазақстанда және шетелде 50-ден аса жеке көрме мен арт-жобаларын өткізген. Қоламен, шамотпен, таспен, болатпен, әшекеймен жұмыс iстейдi.

Ғали МЫРЗАШЕВ – суретшi, суретшi-мультипликатор, кiтап кескіншісі, суретшi-сценограф. Қазақстан анимициялық кино қауымдастығының президентi. Сюрреалисттік кескіндемемен айналысады, оның көрмесi АҚШ-та және Еуропада өткен. Ұлттық сарын мен космополитикалық сарынды байланыстырады.

Нелли БУБЭ - суретшi, кескінші, иллюстратор. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерi. Н. Бубэ шығармашылығының басты тақырыптары – көшпендiлердiң мәдениеті мен тұрмысы, қолөнері, Қазақстанның петроглифтері, Орталық Азияның архитектуралық ескерткiштерi мен қалалары.

Андрей НОДА – суретшi, кескінші, мүсiншi, фотограф. 200-ден аса ұжымдық көрмелерге қатысып, 30-дан аса жеке көрмесін өткізген. Алматы қаласына жақын жерде, Талғар өзенінің бойындағы жеке студиясында тұрады, сол жерде жұмыс жасайды.

Абдрашит САДИХАНОВ – «Қазақфильм» киностудиясының суретшi-қоюшысы. Жалпы тақырыптармен де, арнайы түркі сюжеттерімен де жұмыс жасаған. ҚазССР Мемлекеттiк сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының иегері, “Құрмет” орденімен марапатталған. Оның шығармалары жеке топтамаларға, әлемнiң белгiлi мұражайларына, жеке алғанда, Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясына қойылған.

Есенғали САДЫРБАЕВ – суретшi-реставратор. Пейзаж жанрында белсендi жұмыс iстейдi. Көптеген көрмелердiң қатысушысы. Оның жұмысы еліміздің мұражайларында, сонымен қатар, шетелдік топтамаларда орын алған.

Ақтоты СМАГҰЛОВА — суретшi. Суретшiлер одағының мүшесi. 200-ден аса шығарманың авторы. Көптеген фестивальдардың жүлдегері. Автордың жұмысы терең этникалық сарынымен және ойды инновациялық әдiстермен жеткізуімен ерекшеленеді.

Сәуле СҮЛЕЙМЕНОВА – суретшi, кескінші. Шығармалары ТМД елдері, Еуропа, АҚШ галереяларына қойылған. Жұмыстары келесі орындардан орын алған: Қазақ Мемлекеттік Қазіргі заманғы өнер Музейі, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Алматы қаласындағы «Тенгри Ұмай» галереясы.

Ерболат ТӨЛЕПБАЙ — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегері, Ресей, Чехия, Қырғызстан көркемөнер академияларының академигi. Халықаралық көрмелердiң тұрақты қатысушысы. Әлемнің 35 еліндегі көрмелерге қатысқан. Суретшiнiң шығармалары Мәскеудегі Мемлекеттiк Третьяков галереясына, Ресей Федерациясы музейлері мен Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне қойылған.

Болат ТҰРҒЫНБАЙ – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. Халықаралық көрмелердiң белсендi қатысушысы, автордың шығармалары «Тотем», «Қазақстанның жаны», «Қазақстан өнерiнің антологиясы», «Қазақ оюының ғарышы» атты каталогтар мен альбомдарда шығарылған. Автордың жұмыстары Қазақстанның музейлері мен галереяларына және Ұлыбритания мен Францияның жеке топтамаларына қойылған.

Батима ЗАУРБЕКОВА — гоболен төсемдерiнің авторы болған бiрiншi қазақстандық. ҚР Көркемөнер академиясының мүшесi. Қазақ гоболен мектебiнің негізін салушы, “Менiң Қазақстаным”, “Далалық құдай-ана”, “Қазақстан кемпiрқосағы”, “Мелодия”, т.б. годолендерінің авторы. Оның туындылары Қазақстан, Ресей музейлерінде және шетел топтамаларында орын алған.

Ералы ОСПАНҰЛЫ – кескінші, жазушы, мүсiншi, дизайнер, киносценарист, құжаттамашы, этнограф, драматург, журналист. Суретшiнiң туындылары Лондон және Нью-Йорктегі CHRISTIE’S Аукцион үйiнің көрмелерiнде көрсетілген. Бiрнеше кiтаптың авторы, оның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрі туралы жазылған ерекше альбомды атауға болады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

ins
fb
yt

Меню подвал