Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Музейлер

Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі (Астана қ.)

Ресми сайт - http://astanamuseum.kz/

Қазақ халыө музыкалық аспаптар Музейінің ғимараты XX ғасырдың басында Верный қаласындағы (Алматының Ресей империясы кезіндегі атауы) қоғамдық қурылыстың ағаштан салынатын сәулетшілік үлгісі болып табылады. Ғимараттанымал сәулетші А.П. Зенковтың жобасымен 1908 жылы салынады. Ғимараттың алды ағаш өрнектен көркемделген, ал безендіруде «ағаш» (өмір ағашы), «өткізбе» (мүйіз тәрізді шиыршық), «шынжара» (жүгірген толқындар), «үзілмес» (шырмалғыш сабақ) қазақ үлттық оюларының мақамы қолданылған.

Алғашында мұражай ғимараты «Офицерлік құрам клубы» атауын иеленген; 1918 жылдан кейін «Пошта-телеграфтық контор», «Қызыл Жұлдыз» кинотеатры, Орта азиялық әскери округ офицерлерінің үйі атауларын иеленген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық МузейіОрталық Азиядағы ең үлкен музей. Ол 2014 жылдың 2 шілдесінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының негізінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің бастамасымен ашылған болатын.

Мұражай еліміздің басты алаңында – Тәуелсіздік алаңында «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік Сарайымен, Бейбітшілік және келісім Сарайымен, «Әзірет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен сәулет жарасымдылығын үйлесімді түрде құрып орналасқан.
Музей ғимараты ауыспалы этажы бар жеті блоктан тұрады, олардың ең биігі тоғыз этаждан тұрады. Музей кешенінің көлемі 74 000 кв. м. жетеді. Экспозициялық алаң жалпы көлемі 14 000 ш. м. болатын 11 залды қамтиды.

Музейде келесі залдар бар: Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын зал, Көне және ортағасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заман өнерінің залы.
Сонымен қатар балалар мұражайына, балалар шығармашылығы орталығына, екі көрме залына, реставрациялық шеберханаларға, зертханаларына, мамандандырылған қор қоймасына, оқу залы мен конференц залы бар ғылыми кітапханаға арналған орындар қарастырылған.
Музей өзінің ең жаңа жоғары жабдықтармен қамтамасыз етілгендігінің арқасында жеткен жоғары дәрежесімен және музей ісінің алдыңғы қатарлы әлемдік стандарттарына сай келетін мультимедиялық құралдарымен қонақтарды таң қалдырады.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі (Алматы қ.)

Ресми сайт - www.csmrk.kz/

Егер Қазақстанның Ұлттық музейі еліміз бен аймағымыздың ең жаңа музейі болса, Алматыда орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар барлық Орталық Азиядағы ең көне музей болып табылады.
Оның тарихы шамамен екі жүз жылды қамтиды, сондықтан да Орталық музей коллекциясында Қазақстанның бірнеше ғасыр тарихы бойына сақталып келе жатқан шынымен бірегей экспонаттарға бай.

Музейдің қазіргі ғимараты 1985 жылы салынды және ол жалпы Қазақстан мен Алматының ең әсем сәулет туындыларының бірі саналды. Ғимараттың жалпы ауданы 20 000 ш.м. асады, экспозициялық-көрмелік ауданы – шамамен 7 000 ш.м. құрайды. Музейдің қорлық және экспонаттық топтамасы тарихи, археологиялық және этнографиялық сипаттағы шамамен алғанда 300 мың сақтау бірліктеріне ие.

Музейге келушілер назарына төрт экспозициялық зал ұсынылады:

  • «Палеонтология және археология» залы атауы айтып тұрғандай екі кешеннен тұрады. Палеонтологиялық экспонаттар 12 геологиялық кезең бойынша екі орталық витринада жайғасқан. Археологиялық кешен мынадай бөліктерден тұрады: тас дәуірі, қола дәуірі, ерте темір дәуірі, ғұн-сармат кезеңі және орта ғасырлар.
  • «Тарихи этнография» залы Қазақстан тарихының XV ғасырдан бастап ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңге арналады. Залдың экспозициялары қазақтардың рухани мәдениетіне, шаруашылық және тұрмыстық салтына, дәстүрлі мәдениетіне арналады.
  • Үшінші залдың экспозициясы екі бөлімнен тұрады: «Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтың тарихи мен этнографиясы» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. 1941-1945».
  • «Қазіргі Қазақстан» залы Отанымызды тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған 1991 жылдан бастап қазірге дейінгі Қазақстан тарихын қамтиды.

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі (Алматы қ.)

Ресми сайт - http://www.gmirk.kz/

Алматыда орналасқан Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі бүгінде Қазақстандағы бейнелеу өнері саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеу және ағарту орталығы ретінде танылатын еліміздің ең ірі көркем өнер музейі болып табылады. Бұл жерде Қазақстанның бейнелеу және қолданбалы өнері жайлы түсінікке ие боласыз, сонымен қатар басқа елдердің өнер топтамаларын да көру мәртебесіне қол жеткізесіз.

Музейдің ресми тарихы оның нақты қалыптасуы сияқты жалғаспалы емес. Сонымен, Мұражайды құру туралы қаулы тек 1976 жылы ғана шыққан болатын, алайды топтамалардың негізіне негізі 1935 жылы қаланған Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркем өнер галереясының қоры жатқан еді. Сонымен қатар мұражай топтамаларының қатарына 1970 жылы қалыптасқан Республикалық қолданбалы өнер музейінің экспонаттары да кірген болатын.

1984 жылы музейге Қазақ ССР-нің халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің (1904-1973 жж.) аты берілді. Ол қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы болып есептеледі, туындыларын музейдің сайтынан көріп бағалай аласыз.

Музей экспозициясы туындылардың келесі ірі блоктарын қамтиды:

  • Қазақстанның декоративтік қолданбалы өнері туындылары. Былғары мен ағаштан жасалған бұйымдардың, киізді, түкті кілемдердің үлкен топтамасы көрсетілген.
  • Қазақстанның бейнелеу өнері. Топтама Черкасскийдің, Хлудовтың, Қастеевтің, Калмыковтың, Кенбаевтың, Сидоркиннің, Урманчтың, Галимбаевтың, Леонтьевтің, Наурызбаевтың, Тельжановтың және басқаларының жұмыстарын қамтиды.
  • Орыс өнері. Топтама Тропинин, Кипренский, Верещагин, Айвазовский, Репин, Шишкин, Левитан, Саврасов, Борисов-Мусатов, Кустодиев, Петров-Водкиннің жұмыстарын қамтиды.
    Кеңестік кезеңдегі жұмыстар қатарына – Юон, Пластов, Сарьян, Дейнеканың, және басқа да шеберлердің жауһарлары бар.
  • Батыс Еуропа өнері. Топтама Италия мен Франция, Голландия мен Фландрия, Германия мен Англия шеберлерінің туындыларынан тұрады. Рембрандттың офорты, Дюрердің, Шонгауэрдың, Халстың, Бурдонның, кіші Пурбустың, Дюгенің, Добиннің, Короның туындылары, Куазев пен Гудонның мүсіндері бар.
  • Шығыс өнері. Мұнда Үндістан, Қытай, Жапония, Корея өнерінің туындылары кіреді.

Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі (Алматы қ.)

Ресми сайт - http://kazmusmuseum.kz

Қазақ халық музыкалық аспаптар Музейінің ғимараты XX ғасырдың басында Верный қаласындағы (Алматының Ресей империясы кезіндегі атауы) қоғамдық қурылыстың ағаштан салынатын сәулетшілік үлгісі болып табылады. Ғимараттанымал сәулетші А.П. Зенковтың жобасымен 1908 жылы салынады. Ғимараттың алды ағаш өрнектен көркемделген, ал безендіруде «ағаш» (өмір ағашы), «өткізбе» (мүйіз тәрізді шиыршық), «шынжара» (жүгірген толқындар), «үзілмес» (шырмалғыш сабақ) қазақ үлттық оюларының мақамы қолданылған.

Алғашында мұражай ғимараты «Офицерлік құрам клубы» атауын иеленген; 1918 жылдан кейін «Пошта-телеграфтық контор», «Қызыл Жұлдыз» кинотеатры, Орта азиялық әскери округ офицерлерінің үйі атауларын иеленген.

Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі – музейге келушілер үшін өте қызықты және ыңғайлы болып келеді, көптеген жылдар бойына ол Алматының назар аударуға тұрарлық ғимараттарының бірі болып табылады.

Музейдің өзі мейлінше жас болып табылады, оның негізі 1980 жылы қаланды. 2012-2013 жылдары музейде ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді және бүгінде ол өз топтамаларын қызықты және ақпаратты етіп жеткізу мақсатында ең жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген. Музей қаһарман-панфиловшылардың саябағындағы Қазақстан сәулеті мен тарихының ескерткіші болып табылатын ерекше ғимаратта орналасқан.

Келушілер үшін жеті экспозициялық зал ашылған: археология залы, соқпалы-ұрмалы және үрмелі аспаптар залы, мемориалды музыкалық аспаптар залы, домбыра мен қобыз залы, әлем халықтары аспаптары залы, уақытша көрме мен презентация залы, концерт залы.

Топтамада бүкіл Қазақстаннан жиналған көне қазақша ұлттық аспаптар бар. Мұнда Абай, Жамбыл, Махамбет, Әмре Қашаубаев, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев сынды композиторлар, жырау және ақындардың жеке домбыраларын көруге болады. Топтамаға сонымен қатар қазақтың танымал орындаушылары мен композиторларына тиесілі аспаптар да кіреді.

Астана мен Алматыда орналасқан ірі музейлерден басқа Қазақстанда түрлі бағыттағы көптеген аймақтық музейлер қызмет етеді: мемориалды музейлерден бастап тарихи музейлерге дейін және көркем өнер музейлерінен бастап мамандандырылған музейлерғе дейін. Қазақстанның әр облыстық орталығында әр аймақтың даму ерекшелігі мен тарихын ашып көрсететін бірегей топтамалары бар тарихи-өлкетану музейлері бар.
Туристердің ерекше қызығушылығына ие Қазақстандағы музейлердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы (Қожа Ахмет Яссауи кесенесі), Түркістан қ., Оңтүстік Қазақстан облысы.
  • Павлодар облыстық бейнелеу өнері музейі, Павлодар қ.
  • Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі, Қарағанды қ.
  • Абай үйі әдеби-мемориалды музейі, Семей қ., Шығыс Қазақстан облысы.
  • Ш. Уәлихановтың «Алтын Емел» мемориалды музейі, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылы.
  • Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдер ауылы.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

ins
fb
yt

Меню подвал