Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халық ауыз әдебиеті

Халық ауыз әдебиеті, еш күмәнсіз, – қазақ мәдениетінің ең әлеуетті бағыттарының бірі, бұл өз алдына өмірдің көшпелі салтына байланысты. Өсиеттер, аңыздардың кең көлемін музыкалық аспаптардағы ойын арқылы әдемі жеткізе білу – ақындар, жыраулар, термешілер шығармашылығының өзегі.

Қазақ фольклорының 40-тан астам түрі белгілі: батырлық жырлар, лиро-эпостық поэмалар, өсиеттер, аңыздар, өтірік өлеңдер, ғашықтық және салт-дәстүр әндері, философиялық ойлар, арнаулар, ертегілер, мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б.

Қазақ фольклорында батырлардың ерлігін жырлайтын батырлық – Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Қамбар батыр және қаһармандардың батыл махаббаттарын сипаттайтын лирикалық – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек және т.б. жырлардың орны ерекше.

Халық ауыз әдебиеті

Айтыс – халықта ақындар деп аталатын суырыпсалма әншілер арасындағы ән-өлең жарысы. Айтыс кезінде ақындар кез келген тақырыпқа қатысты ән арқылы диалог өрбітеді. Бұл жарыс тапқырлыққа, қарсыласқа жылдам, шынайы, көңілді және дәл жауап беруге, экспромт түрінде өз жауабын ән түрінде домбыра не қобызда шерту арқылы және әдемі ым-ишарамен жеткізуге негізделген.

Әдеттегідей, айтыс көпшілік алдында өтеді. Соңында халықтың өзі қай ақынның ең үздік атқа лайық екендігін анықтайды.

Айтыс өнері бүгінгі күні қайта қалыптасуда. Теледидар арқылы үнемі беріліп отыратын айтыстың ұлттық турнилері өтуде.

Ертегілер. Өзге халықтардағыдай қазақ ертегілері халық дүниетанымының, жақсылық пен жамандық, адамның маңызды қасиеттері және қоршаған орта жайлы түсініктерінің көрінісі болып табылады.

Қазақ фольклор дәстүрінде ертегілердің барлық түрі кездеседі: жануарлар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері, шынайы және сатиралық ертегілер.
Кеңінен таралған қазақ ертегілері – «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Кұламерген», «Еділ мен Жайық».

Ертегілерде балаларға кішкентай кездерінен бастап таныс болып келетін классикалық кейіпкерлердің бірқатары бар.

Жағымсыз қиял-ғажайып кейіпкерлеріне мына кейіпкерлер жатады: Айдаһар, бір көзді Дәу, Мыстан кемпір, Жезтырнақ, Албасты.

Жағымды қиял-ғажайып кейіпкерлеріне мына кейіпкерлер жатады: Ер Төстік, Жоямерген, Қарамерген.

Тұрмыс-салт ертегілерінде әдетте біз Алдар Көсе, Аяз би, Қожанасыр, Жиренше және оның әйелі Қарашаш секілді ақылды және көңілді кейіпкерлерді көреміз.

Көптеген қазақ ертегілері жануарларға арналған. Адамның достары және көмекшілері ретінде түйе, ат, қой, ешкі секілді үй жануарлары, ал жаулары ретінде қасқыр, түлкі, аю, жолбарыс, жылан беріледі.

Музыкалық фольклор

Терме – ақындардың өздерінің поэзиялық суырыпсалма туындыларын дүниеге әкелуіне себеп болған өлең түріндегі қысқа, ырғағы бойынша біртектес әуендер. Терме өзінің музыкалық мазмұнына сәйкес дамыған мелодиялық желіге ие емес.

Күй – әдетте домбырамен не қобызбен орындалатын дәстүрлі аспаптық пьеса. Күйлер шағын көлемімен ерекшеленеді. Күйлер көп дегенде екі-төрт минутқа созылады.

Әртүрлі эпикалық өсиеттер, ертегілер және аңыздар күйлерде өздерінің музыкалық ажарын тапқан. Осыған байланысты олардың көбі бағдарламалық туындылар болып табылады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

ins
fb
yt

Меню подвал