Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Билік тармақтары

Қазақстан – демократиялық, құқықтық, біртұтас мемлекет, оның үш тәуелсіз билік тармағы бар: атқарушы билік, заң шығарушы билік және сот билігі.

Атқарушы билік

Атқарушы билікке Қазақстан Президенті басшылық жасап, Үкімет оны жүзеге асырады.

Парламенттің келісімі бойынша тағайындалған Премьер-Министр Үкімет басшысы болып саналады. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өз өкілеттігін тоқтатады.

Үкіметтің негізгі міндеттері:

  • Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы негізгі бағыттарын белгілейді;
  • Парламентке республикалық бюджет әзірлемесін береді, орындалуы туралы есеп ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Заң жобаларын әзірлеп, Мәжіліс қарауына ұсынады және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметіне басшылық жасайды;
  • Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • Конституция, заңдар және Президент актілері арқылы өзіне жүктелген өзге де қызметтерді атқарады.

Облыс, аудан, қала, ауыл әкімдері жергілікті атқарушы органдар өкілдері болып саналады. Облыстардың басшыларын, Астана және Алматы әкімдерін Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды.

Заң шығарушы билік

Қазақстанда заң шығарушы билікті екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен құралған Парламент жүзеге асырады

Сенат

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіп бойынша әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады.

Парламент Сенаты депутаттарының жалпы саны – 47 адам.

ҚР Президенті Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де маңызды мүдделері болуы қажеттігін ескеріп, он бес депутатты тағайындайды.

Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – алты жыл.

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
  • Ұлттық Банк Төрағасын, Бас прокурорды және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға келісім беру;
  • Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
  • Конституция арқылы Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мәжіліс

ҚР Парламентінің Мәжілісі 107 депутаттан тұрады. Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды.
ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл

Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

  • Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарау;
  • Премьер-Министрді тағайындауға келісім беру;
  • Республика Президентінің кезекті сайлауын жариялау;
  • Конституция арқылы Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
    Жергілікті атқарушы органдар облыс, аудан және республикалық маңызы бар қалалар (Астана және Алматы) мәслихаттары арқылы өкілеттік етеді.

Сот билігі

Қазақстан Республикасында сот төрелiгi тек қана сотқа, тұрақты жұмыс істейтін судьяларға тиесілі, сонымен қатарҚР Конституциялық Кеңесінің 15.02.02 ж. N 1 берілген түсініктемені қараңыз заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Сот билігінің жоғарғы органдары Жоғарғы сот және Конституциялық Кеңес болып саналады.
Республиканың сот жүйесі үш тармақтан тұрады:

  • Жоғарғы буын – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
  • ортаңғы буын – облыстық және оған теңестірілген соттар (астананың қалалық соты, республикалық маңызы бар қаланың қалалық соты, ҚР әскерлерінің Әскери соты);
  • негізгі буын – аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған соттар, гарнизонның әскери соты).

Судьяларды Президент (облыстық және жергілікті соттарда өкілетті органның ұсынуы бойынша Жоғарғы сотпен келісе отырып) тағайындайды.

Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз болады және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

ins
fb
yt

Меню подвал