Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақ хандығы

Өз мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуы қазақ ұлтының оның тарихи даму жолында тұтастығын сақтауда, нығайтуда және қалыптастыруда өте маңызды орын алды.

Жазбаша дереккөздерде кейінгі орта ғасырлық ірі мемлекет – Орталық Азия аймағында, еуразиялық халықтар арасында елеулі рөл ойнап, әлем тарихында, өз заманының халықаралық аренасында өзінің маңызды орны болған Қазақ хандығы туралы сенімді мәліметтер жеткілікті.

Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) ұлан-ғайыр аумағындағы этносаяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістердің заңды жалғасы болды.

XIV-XV ғасырларда табиғи бірігу негізінде ортақ экономикалық аймақтың қалыптасуы елдің барлық аймақтарын бір саяси құрылымға біріктіруге  жағдай жасап берді.

Қазақ хандығының  құрылу жолы Ақ Орда мемлекетінің негізінде пайда болған «Әбілқайыр хандығында» орын алған дағдарыспен байланысты. 1457 жылы ойраттармен соғыста жеңіліс табуы Әбілқайыр ханның өзінің негізгі міндеттерінің бірі – елді сыртқы жаудан қорғау функциясын орындай алмайтындығын көрсетті. Ал қатал түрде жүргізілген ішкі бақталастық тұрғындардың үлкен бөлігінің наразылығын тудырды.

Соның нәтижелерінің бірі Керей мен Жәнібек сұлтандардың наразылығы болды: Керей және Жәнібек пен олардың жақтастары Шу және Талас өзендері аймағына қоныс аударып көшіп кетеді. Жалпы алғанда, тиімсіз, қатал билеушілердің бұйрықтарына бағынбау және қоныс аударып көшіп кету арқылы көршілес билеушілердің қол астына өту сол кездегі наразылықтың мейлінше кең тараған формасы болатын. 1459–60 жылдардағы қоныс аудару Әбілқайыр хандығының жойылатынын білдірген белгі болды. Жәнібек пен Керейдің қол астындағы халқы «қазақ» атауын иеленді, ол атау «еркін», «өз ұлысынан бөлінген адамдар», «еріктілер» мағынасын берген еді.

XV ғасырдың соңғы онжылдығында  – XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы қазақтардың этникалық аумағының біршама бөлігін  біріктіру арқылы аймақтық жағынан ұлғайды және экономикалық тұрғыда нығайды.

Бұл кездегі аумақтық ұлғаю мен мемлекеттің жан-жақты нығаюына ықпал еткен ең танымал билеушілердің қатарына Қасым хан (1511-1518 жж.),  Хақназар хан (1538-1580 жж.), Тәуекел хан (1582-1598 жж.) және Есім Хандарды (1598-1628 жж.) жатқызуға болады.

1635 жылы Жоңғар хандығының құрылуына байланысты қазақтардың Ертіс маңы, Жетісу жерлерін ойраттардың батыс моңғол тайпаларының басып алу қаупі ұлғая түсті. Цин империясының (Қытайдың) қыспағына ұшыраған, жайылымдар мен Қазақстанның оңтүстігіндегі және Орта Азиядағы сауда-қолөнер орталықтарына шығу жолдарын іздеген жоңғарлар өздерінің әскери әрекеттерін тоқтатқан жоқ. Жоңғар шапқыншылығы Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар өмірінің өрістемей қалуының бірден бір себебі болды. Жоңғар басқыншылықтары маңызды сауда жолдарын кесіп тастап отырды, бейбіт халықтың шаруашылығына адам айтқысыз зардаптар тигізді.

Қазақ хандығы үшін Тәуке ханның (1680-1718) билік құрған уақыты ерекше кезең болды, сол кезде мемлекеттік құрылым мен  құқықтық тәртіпті анықтайтын «Жеті Жарғы» атты  ережелер жинағы құрастырылды. 

Жеті Жарғы

«Жеті Жарғы» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқық нормаларынан тұрады, сонымен қатар салық туралы, діни көзқарастар туралы ережелер, яғни қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылды.

«Жеті Жарғы» өзінің құрамына келесі негізгі бөлімдерді қамтыды:

  1. Жер туралы Заң (Жер дауы), онда жайылымдар мен суаттар туралы мәселелер келісіліп отырды.
  2. Отбасылық-некелік Заң, онда некеге тұру және оны бұзу тәртіптері қарастырылады, жұбайлардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтары айтылады.
  3. Әскери Заң, онда әскери міндеткерлікке жіберу, әскери бөлімдерді қалыптастыру мен әскербасыларды сайлау тәртібі реттеледі.
  4. Сот үдерісі туралы Ережелер, онда соттардың іс қарау тәртібі талқыланады.
  5. Қылмыстық Заң, кісі өлтіруден басқа қылмыс түрлерін жазалауды заңдастырып орнатады.
  6. Құн туралы Заң, онда кісі өлтіру мен ауыр дене жарақаттары үшін тағайындалатын жаза түрлері заңдастырылады.
  7. Жесір әйелдер туралы Заң (Жесiр дауы), онда жесірлер мен жетімдердің жеке және мүліктік құқықтары реттестіріледі, сонымен қатар оларға деген жамағатының және марқұмның туыстарының қарым-қатынасындағы міндеттемелер де қарастырылады.

Қазақ хандығындағы жоғары заң шығарушы билік – мәслихат болып табылды, мәслихатта сұлтандар мен қауым өкілдерінің жиналысы болып өтеді. Мәслихат жылына бір рет шақырылады және мейлінше маңызы бар мемлекеттік мәселелерді – бейбітшілік бітімге келу, соғыс жариялау, жайылымдарды қайта бөлу,  көші қон бағдарын анықтау – шешіп отырған.

Сонымен қатар,  мәслихат хан ретінде ең лайықты адамды таңдайтын болған. Мәслихатқа қатысу үшін шартты міндет өзімен бірге қару алып жүру болған. Бұл ұйымның мүшесі тек еркектер болған.

Атқарушы биліктің барлығы толығымен ханның қолында болған. Ханды мәслихат сайлайтын болған. Хан Шыңғыс хан ұрпақтарынан – төрелерден сайланған және өз міндетін өмір бойы атқарған. Хандар тағынан түсіріліп қуғындалатын да жағдайлар болып отырған екен. Xан келесі қызметтерді атқарып отырған:

  • мемлекеттің сыртқы жаулардан қаруланған қорғанысын ұйымдастыру.
  • мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағытын анықтау.
  • жоғарғы сот билігі функциясы.
  • қолданыстағы тәртіп пен қоғамдық құрылымды күзету.

XV-XVII ғасырларда қазақ хандары  өздері атқаратын қызметтерден өрбитін үлкен құзіреттілікке ие болды. Мысалы, хан жоғары бас қолбасшы ретінде соғыс жариялай алды, бейбітшілік туралы бітімге келе білді, хандықтың барлық аумақтарында өз әмірін жүргізе алды, ұлыстар мен қол астындағы қалалардың билеушілері мен басшыларын тағайындауға құзыреті жеткілікті болды. Сонымен қатар хан өз қол астындағыларға өлім жазасын кесе алды және де хандықтың барлық қоныстарына міндетті заңдар мен бұйрықтарды бере алды.

Жаңа ханды таққа отырғызу үдерісі  ақ киізге салып көтеру түрінде жүзеге асырылды. Тек осы көне рәсім орындалғанда ғана хан заңды түрде сайланған болып есептелінді.

Осылайша, Қазақ хандығының басқару үлгісі, шын мәнісінде, сол кездің өзінде демократиялық қоғам мен мемлекет құрылысының стандарттары мен негізгі қағидаттарын көрсете білді.

Бірақ шартты түрде орын алған тыныштық ұзаққа созылмады. Жоңғарлармен соғыс XVII ғасырдың басынан XVIII  ғасырдың ортасына дейін жалпы алғанда 150 жыл бойы жалғасып жатты. Жоңғар шапқыншылығынан болған қиын жылдар қазақ халқының есінде «Ақтабан шұбырынды» – «Ұлы зұлмат жылдары» (1723-1727 жж.) ретінде сақталынып қалды. Одан кейінгі жылдар қазақ тарихында жоңғарларға қарсы жалпы халықтық белсенді қарсыласу жылдары ретінде ерекшеленді. Соның ең айрықша көрінісі 1729 жылы болған Аңырақай шайқасы болды. Сол және соның алдында болған жеңістер қазақ жерінің көп бөлігін жау қолынан қайтарып алуға алып келді. Бірақ сыртқы жаулармен күрес мұнымен аяқталып қалмады.

Қиын экономикалық және саяси жағдайда алға Ресейдің қол астына кіру мәселесі қарастырылды. Қазақтардың ары қарайғы саяси, экономикалық және этномәдени тарихының кезеңдері Қазақстанның Ресей империясы құрамына енуімен байланысты.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

ins
fb
yt

Меню подвал