Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II—V ғғ.) Қазақстан, Орта Азия және ІІІығыс Еуропа мемлекеттерінің этникалық және саяси карталарын айтарлықтай дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпаларының көптеген топтары Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, қоныстарының оңтүстігінде Әмудария бастауларына дейін жетті.
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытайлық жылнамаларда кездеседі және 542 жылға қатысты болып келеді. Қытайлықтар түріктерді сюнну (ғұндар) ұрпақтары деп есептеген. 552 жылдың көктемінде түркі билеушісі Бумын өз сюзерендеріне қарсы аварларды (жуан-жуандарды) қарсы қойып, оларға жойқын соққы жасады. Осы мемлекеттің қираған орнында Түрік қағанатын құрды. Аталмыш этно-әлеуметтік бірлестіктің ру басы Бумын қаған болды (553 ж.). Оның мұрагері Мұқан қағанның қағанатты билеуі кезінде (553-572) Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдік етті.
Ашина түркілерінің пайда болуы туралы аңызға сәйкес, ми батпақтың жағасында өмір сүрген тайпа көршілес тайпа жауынгерлері тарапынан жойылады. Тек он жасар бала ғана тірі қалады. Жаулардың тарапынан аяқ-қолы кесілген баланы өлімнен қасқырдың қаншығы құтқарып қалады. Дұшпандардан жасырынып жүріп, тайпаның барлығы жойылғаннан соң, қасқырдың қаншығы тау жаққа қарай қашады. Үңгірде өзі құтқарған баладан он бала дүниеге әкеледі. Балалаларының бірінің есімі Ашина болады. Оның есімі тұтас ру атауына беріледі. Қаншық қасқырдың 10 баласынан құралған жаңа тайпаның билеушісі өз бауырларынан қабілеттірек келген Ашина болды.
Сол себепті қаншық қасқырдың бейнесі Ашина руы мен олар басқаратын мемлекеттің негізгі геральдикалық символына айналды. Тулар, жалаулар, байрақтар және т.б. «көк қаншық қасқыр» символымен безендендірілді.
«Түрік» сөзінің өзі «күшті, берік» деген мағынаны білдіреді. А.Н. Кононов тұжырымына сәйкес, бұл - нәтижесінде тайпа бірлестігінің этникалық атауына айналған жинақтаушы есім.
Дала әскери ісінің жетістіктері, жекелей алғанда түрік әскерінің жеке жетістігіне айналған ауыр қарумен қаруланған атты әскердің дамуы, сонымен қатар садақтан атудың машықтарын игерген жеңіл қаруланған атты әскер санының көп болуы Түрік қағанатына әлемдік масштабтағы әскери-саяси күш қуатқа айналуға мүмкіндік берді. Бүл өз алдына Түрік қағанатының сыртқы қарсыластардан қорықпауына және сыртқы саяси аренада өзінің жеке еркін жүргізуіне ықпал етті.
VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава – «Түрік қағанаты» құрамына біріктірілді. Қағанат Азия тарихындағы орасан зор ежелгі мемлекеттердің бірі еді. Аумағы ең үлкен болған кезеңде (VI ғасырдың соңы) қағанат шығысында – Корей түбегінен, батысында – Қырым түбегіне дейінгі аралықты, солтүстігінде – Енисей бастауынан, оңтүстігінде – Әмудария бастауларына дейінгі аралықты қамтыды.
Мемлекет атауын өзін жаратушы тайпа – түріктерден алды, оларда басты рөлді Ашина руы ойнаған еді.
Аталмыш мемлекет Мұқан қаған (553-572) билеген жылдары Орта Азияда үстемдік ете бастады. Осылайша, сол уақыттың Иран, Византия, Қытай және т.б. осы секілді ірі мемлекеттерімен қарым-қатынастар жасады.
Жауынгер дала тайпалары көбінің бірігуі және металл қаруды балқытуда жетістікке жетуі есебінде Түрік қағанаты сол уақыттың жетекші геосаяси державаларының біріне айналды. Бұл өз алдына византиялық, ирандық және қытайлық дереккөздерде жеткілікті дәрежеде көрініс тапқан. Әскери істен бөлек, қағанат мәдени даму мен мемлекетті құру аяларында ірі жетістіктерге қол жеткізілді. Осылайша, Түрік қағанатында дербес «руналық» жазу қолданылып, кешенді мемлекеттік аппарат, белсенді сыртқы саясат жүргізілді.
Дегенмен сырттан жасалған қысым, ішкі итіс-тартыс, әлеуметтік керағарлықтар қағанатты әлсіретті. Нәтижесінде 603 жылы қағанат екі жеке мемлекет – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлініп кетті.
Көне түркі жазуы ескерткіштері Ресей, Қазақстан, Қытай және Моңғолия аймағында орналасқан. Сирек қолжазба руналық ескерткіштерінің бірі — «Бал ашу кітабы».
Классикалық Орхон әліпбиі (б.з. VIII ғ.) 38 әріптен және сөзді бөлуші белгілерден тұрған. Аймақтық және хронологиялық нүсқаларды есептей келе 50-ден астам графемалардың (жазба белгілері) қолданылғаны анықталды. Жазудың бағытталуы көлденең, оңнан солға қарай.
Көне түркі жазуларына ұқсас б.з.д. V—III ғғ. жазулар Қазақстанда (Ыссық жазуы) және Қырғызстанда - Талас, Балықшы және т.б. жерлерде анықталған.
1889 жылы Н.М. Ядринцев тарапынан Орхон өзені бойындағы (Моңғолия) Кошо-Цайдам алқабынан табылған Күлтегінге арналған түркі руналық жазу ескерткіші кеңінен танымал болды.
Моңғол шапқыншылығы кезінде (XIII ғасыр) руна әліпбиі Ислам таралының ықпалымен араб әліпбиімен және түркі халықтары жазуларының өзге түрлерімен ығыстырылды.
Көне түркі жазуы ескерткіштері Ресей, Қазақстан, Қытай және Моңғолия аймағында орналасқан. Сирек қолжазба руналық ескерткіштерінің бірі — «Бал ашу кітабы».
Классикалық Орхон әліпбиі (б.з. VIII ғ.) 38 әріптен және сөзді бөлуші белгілерден тұрған. Аймақтық және хронологиялық нүсқаларды есептей келе 50-ден астам графемалардың (жазба белгілері) қолданылғаны анықталды. Жазудың бағытталуы көлденең, оңнан солға қарай.
Көне түркі жазуларына ұқсас б.з.д. V—III ғғ. жазулар Қазақстанда (Ыссық жазуы) және Қырғызстанда - Талас, Балықшы және т.б. жерлерде анықталған.
1889 жылы Н.М. Ядринцев тарапынан Орхон өзені бойындағы (Моңғолия) Кошо-Цайдам алқабынан табылған Күлтегінге арналған түркі руналық жазу ескерткіші кеңінен танымал болды.
Моңғол шапқыншылығы кезінде (XIII ғасыр) руна әліпбиі Ислам таралының ықпалымен араб әліпбиімен және түркі халықтары жазуларының өзге түрлерімен ығыстырылды.
Түрік қағанатынан түпкілікті бөлінген соң 603 жылға қарай «Батыс түрік қағанаты» Азов және Дон теңіздерінен Тянь-Шаньнің шығыс тарамдарына және Үндістанның солтүстік-шығыс бөлігіне дейінгі кең аумақты иеленді.
Қағанаттың этносаяси өзегі «он тайпа» (он оқ будун) еді. Олар Қаратау тауларынан Жоңғар Алатауы дейінгі аралықта өмір сүрді. Шу өзенінен шығысқа қарай бес дулу тайпасы, ал батысқа қарай 5 нушеби тайпасы мекен етті.
Қағанаттың жетекшісі – қаған. Ол жоғарғы әмірші, билеуші және қолбасшы еді. Қағанат астанасы Суяб қаласы болды.
Қағанат көшпелі шаруашылық пен шаруашылықтың отырықшылық-егіншілік типінің көшпелі және жартылай көшпелі тәсілінің бірыңғай жүйесінен тұрды. Қала мен дала қағанат құрамындағы жиынтық әлеуметтік-саяси организмнің біріне-бірі мұқтаж әрі бірін-бірі өзара толықтырушы бөліктері еді. Халық саудамен, қолөнермен, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысты.
640-657 жылдар аралығындағы он алты жылға созылған тайпааралық соғыс және династия аралық өзара тартыс мемлекеттің әскери-саяси қуатының әлсіреуіне алып келді. Бұл өз алдына Батыс түркі қағанаты билігінің сыртқы саяси және ішкі саяси әлсіреуімен аяқталды.
Нәтижесінде, қағанат аумағындағы билікке түргештер тайпасы келді. Олар Жетісуда 704 жылы саяси үстемдік құрды.
Араб шабуылдары басталған уақытқа дейін Қазақстан және Орта Азияның үлкен бөлігі Батыс түрік қағанаты билігі ықпалында болды. Арабтарға қарсы күресте басты орындарда Жетісу жеріндегі билікке келген түргештер көрініс тапты. Аталмыш династия ру басы Үшлік қаған еді.
Бірақ түргеш мемлекеті ішінде бірлік болмады, ал мемлекеттің сыртқы саяси жағдайы тым күрделі еді. Батысында олар соғдылармен бірге арабтарға қарсы соғыс жүргізсе, оңтүстігінде Тан династиясы әскерлері үлкен қауіп туғызды, шығысында орта азиялық түркілер қауіп төндірді.
746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлүқтар көшіп келді. Өзара тартысты күресте, сонымен қатар арабтармен ұзаққа созылған күрес нәтижесінде Түргеш қағандары өзінің бұрынғы күштерінен айырылып, қарлұқтарға лайықты тойтарыс бере алмады.
«Түргеш қағанаты» Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастырды және қағанат тарихының соңғы кезеңін құрады.
VIII—X ғасырларда қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең аумағын – Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі аралықты, Балқаш пен Ыстықкөл көлдері аралығын, Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарын, Тянь-Шань тарамдарын, Испиждап пен Отырарға дейінгі аймақты мекендеді. Ибн Хәукал есімді араб географы мәліметтеріне сүйенсек (Х ғ.), «қарлұқ жерлерін батыстан шығысқа дейін өту үшін 30 күндік уақыт керек еді».
Қарлұқ мемлекетінде 25 қала мен қоныстар бар еді. Олардың ішінде: Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пеншүл және т.б. бар. Қарлұқтар астанасы және көптеген қалалар арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Мұның Қазақстан оңтүстігі мен Жетісу халықтары үшін тек дипломатиялық және сауда нүктесі ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани байланыстардың жолы ретіндегі маңызы зор еді.
Дегенмен Қарлұқ қағанатында билікке және жерге талас-тартыс, күрес орын алды. Осы жағдайларға байланысты Қарлұқ қағанатына айтарлықтай қауіп Қашғар тарапынан төнді. 940 жылы қашғарлықтар қағанат астанасы Баласағұнды жаулап алды, нәтижесінде Қарлұқ мемлекеті құлады.
Печенегтермен ұзаққа созылған күрес ІХ-Х ғасырларда саяси шоғырлану мен тайпалардың оғыз одағын жасақтауға әсер етті.
X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янигекент қаласы болды. Ол Орта Азия, Шығыс Еуропа және Орталық Азияға жол бастаған маңызды керуен жолдарының торабында орналасқан еді. Оғыз мемлекетінің басшысы жоғарғы билеуші болды. Ол «жағбу» титулын иеленді. Жоғарғы билеушілер билігі мұра бойынша берілді. Оғыз хандарының сайлаулары әскери демократия дәуірі халық жиналыстарының түрлендірілген әсері болып табылады.
Оғыздардың басты шаруашылық ісі экстенсивті мал шаруашылығы болып табылады. Дегенмен көшпелілермен қатар жартылай отырықшы және отырықшы тұрғындардың кешенді топтары кездесіп жатқан. Осылайша, ортағасырлық авторлар Х-ХІ ғасырларда қала және отырықшы мекендер ретінде Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және т.б. атайды.
Х-ХІ ғасырларда оғыз мемлекеті ішкі көтеріліс нәтижесінде дағдарысты бастан кешті. Көтерілістердің себебі үнемі сыртқы соғыстарды жүргізу әрекеттеріне негізделген салық жинаудың қатал саясатына қатысты наразылық еді.
Нәтижесінде, терең ішкі керағарлықтарға байланысты әлсіреген Оғыз державасы қыпшақ тайпалары билеушілерінің соққыларынан кейін түбегейлі құлады. Оғыздардың айтарлықтай бөлігі қыпшақтар қысымымен Шығыс Еуропа және Кіші Азияға асып кетті. Оғыздардың өзге бөлігі Мәуреннахр Қарахандарының және Хорасанның селжүктік билеушілері билігіне көшті. XI ғасырдың ортасындағы қыпшақ шабуылынан аман қалған оғыздар Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпалары арасына еніп кетті. Сырдария, Арал маңы және Солтүстік Каспий маңы алқаптарының оғыз тайпалары қазақтардың этникалық тарихында айтарлықтай із қалдырып кетті.
Түргеш мұрасына қарлұқтармен екі арадағы күрестің нәтижесінде VIII ғасырдың ортасында оғыздардың айтарлықтай бөлігі Жетісуды тастап, Шу бөктерлері мен алқаптарына ауып кетті. Бұл жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордалары орналасты. ІХ ғасырдың басында оғыз билеушілері қарлұқтар және қимақтармен бірігіп, кангар-печенег бірлестігін талқандап, Сырдария сағасы мен Арал маңы жазықтарын жаулады. ІХ ғасырдың соңында хазарлармен бірігіп, печенегтерге соққы жасап, Жайық пен Еділ аралығын жаулап алды.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл ойнады. 965 жылы Киев Русімен одақтың нәтижесінде олар Х ғасырдың ортасында шығыс шекаралары Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына дейінгі аралықты жайлаған Хазар қағанатын талқандады. 985 жылы оғыз жабғусы орыс княздерімен бірге Еділ бұлғарларына үлкен соққы жасады. Мұның бәрі оғыз державасы саяси қуатының артуына ықпал етті.
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасыр аралығындағы қимақ тайпаларының Орта Ертістен Жоңғар қақпасына дейін, батысында Оңтүстік Орал мен Сырдария алқабына дейінгі аумақта берік орнығуына сеп болған жағдайлар қимақ мемлекетінің дамуына түрткі болды.
Қимақтардың өздеріне тән жеке жазу-сызуы болды, оның бар болғандығы жөнінде Абу Дулаф (Х ғ.) есімді араб саяхатшысының жазбалары дәлел: «Қимақтарда қамыс өседі. Олар сол қамыспен жазады». Қимақтардың қамыс қауырсындарымен жазғандығы, көне түрік әліпбиін пайдаланғандығы ықтимал.
ІХ ғасыр – ХІ ғасырдың басында қимақтарда көне түркі діни сенімдері болған еді, олардың арасында Тәңрі және ата-баба діндерінің алар орны ерекше еді. Жеке топтар отқа, күнге, жұлдыздарға, өзенге және суға табынды. Діндердің арасында кеңінен тарағаны шаманизм еді, бірақ қимақтардың кейбір топтары манихейлікті – христиандық дінді ұстанды.
ХІ ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлады. Оның құлауы екі себепке байланысты еді: өзін өзі билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының ортадан тепкіш тенденциялары, қағанаттағы өзара тартыстар және көші-қоны ХІ ғасырдың басына тән Орталық Азия көшпелі тайпаларының миграциясы.
Қарахан мем/іекетінің туындауы және ерте тарихының қалыптасуында қарлұқ конфедерациясы тайпалары маңызды рөл ойнады. 992 жылы қарахандар шығыста Қотанды, ал батыста Бухараны жаулап алды. Солтүстікте Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы шекара Тараз қаласы маңынан өтетін еді. Солтүстік-шығыста қарахандықтардың иеліктері Балқаш және Алакөл көлдері шекарасынан аспады.
Қарахан мемлекеті тұрақсыз шекаралары бар көптеген енші жерлерге бөлінген еді. Енші билеушілері үлкен құқықтарға ие еді, тіпті кей уақытта өзгеретін титулдарымен олардың аттарын жазып, тиын соғатын болған, Вассалитет қатынастары кейде көп сатылы болатын болған.
Тұрғындардың басты ісі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған. Сонымен қатар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда ХІ-ХІІ ғасырларда түрік тайпаларының жартысы егіншілікпен айналысып, қала мәдениетінде тұрды.
Қарахан мемлекетіндегі маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-лендік жүйе еді. Хандар өз туыстарына және нөкерлеріне аудан, облыс немесе қала тұрғындарынан сол уақытқа дейін мемлекет пайдасы үшін алынған салық жинау құқығын берді. Аталмыш марапат «икта» атты атауға ие еді, ал оның иесін мұқта немесе иктадар деп атайтын болған. Икта институты Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде айтарлықтай рөлді ойнады.
XII ғасырдың екінші ширегі басында қарақытайлықтардың (қидандар) сансыз халқы Жетісу мен Баласағұнды жаулап алды, кейін шығыс Қарахандықтардың қалған иеліктерін жаулап, батыс тармағына қауіп төндіре бастады. 1141 жылғы қарахан-селжүк әскерінің талқандауынан кейін Қарахан мемлекетінің екі хандығында да билік ету қарақытайлықтар қолына көшті. 1210 жылы наймандармен күрес кезінде шығыс қарахандық династия құлады. Ал 1212 жылы Хорезм қаласында шах Мұхаммед Самарқан қатіасының тумасы соңғы батыс қағаны Османды өлтіреді, осылаиша аздан соң Қарахан мемлекеттің ферғаналық тармағы да жойылады. Қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталады.
«Қарахан мемлекеті» өзіне дейінгі мемлекетттерді қайталамады. Қазақстан аумағындағы көшпелі қоғамдардың саяси құрылымдарына қарағанда әскери басқару әкімшілік басқарудан бөлінген еді. Мемлекеттік-әкімшіліктік құрылым иерархиялық қағидатқа негізделді.
Қарахан мемлекетінде ислам алғаш рет Орталық Азия мемлекеттерінің мемлекеттік дініне айналады. Бұл өз алдына араб әлемінен ғылым мен әдебиет стандарттарының таралуына алып келді, сонымен қатар түрік тіліндегі ислам әдебиетінің туындауына да әсер етті. Жекелей алғанда, аталмыш бағытта Жүсіп Баласағұн мен Махмұт Қашғари есімдері әлемге танылды.
Сондай-ақ ислам дінінің енуі, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында көшпелі ақсүйек ортаға мұсылман дінінің таралуы көне түркі руна жазуының ығыстырылуына және араб әліпбиіндегі жаңа түркі жазуының қалыптасуына алып келді.
Қарахан дәуірі қоғамның барлық салаларында сапалы жаңа кезеңді ұсынды. Дегенмен Қарахан мемлекетінің әскери жеңілістері 1212 жылы династияның құлдырауына алып келді.
Қарақытайтіықтардың қалыптасуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. IV ғ. жазба дереккөздерде моңғол тілді тайпалар ретінде көрініс табады. Олар Қытайдың солтүстік жағында, Маньчжурия мен Уссурия өлкелері территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді.
1125 ж. Сунь династиясы басқарған Қытай мемлекеті мен Чжурчжен мемлекетінің біріккен күші Солтүстиік Қытайды билеген Ляо империясын қүлатады. Қидандардың бір бөлігі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еділ өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қарақытай аталып кетеді.
1209 жылы өздеріне қолайсыз уақытта Хорезм шахы Мұхаммедпен соғысады. Қарақытайлықтар мемлекеті ауыр жағдайға ұшырайды. 1210 жылы Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан ханы Османмен бірлесе келе Талас маңында қарақытайлық әскерге шабуыл жасайды. Қарақытайлардың қолбасшысы Таянқы тұтқынға түседі де, оның әскерлері амалсыздан шегініп кетеді.
1211 ж. Найман тайпаларының билеушісі Күшлік хан қарақытайлардың гурханын тұтқынға алып, өкімет билігінен айырады. Арада екі жыл өткен соң ең соңғы гурхан Чжилигу дүние салады. Сөйтіп Қарақытай мемлекеті өз тіршілігін тоқтатады.
Қарақытай мемлекетінің басшысы гурхан титулын иемденген. Оның иеліктерінің орталығы Баласағұн қаласы еді. Жетісудың оңтүстік бөлігі және Испиджаптың солтүстік-шығыс бөлігі, Құлжа өлкесі қарақытайлықтардың тікелей бақылауында болған.
Қарақытайлықтар мемлекеті аула салығымен ерекшеленді – әрбір үйден бір динар салық алынатын. Сонымен қатар мемлекет әскери тәртіпке бағынатын болған. Дегенмен қарақытайлықтардың үстемдік етуі аумақтағы геосаяси трансформация кезеңіне сәйкес келді. Бұл өз алдына оның мерзімін қатысты түрде ұзақ етпеді.
XI ғ. басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін, қимақ, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кіріседі. Бұл өз алдына Орта Азия және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға түрткі болады.
Аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші ширегінің бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Кыпшақ атауы пайда болады.
XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден батыс жаққа жылжи бастайды. Батысқа қарай жылжыған сайын құман тайпаларының қалың жұрты бірінші болып, Шығыс Еуропаның әсіресе Русь, Византия, Мажарстан халықтарымен тура қарым-қатынас жасауға көшеді.
Қыпшақ хандығы өз артынан көптеген мәдениет ескерткіштерін қалдырды, олардың ішінде ерекше танылғаны – «балбалдар» атты тас мүсіндер. Оларды әзірлеу өнері қыпшақ дәуірінде кеңінен етек алған еді.
Қыпшақтар орыс княздерімен тығыз қарым-қатынаста болған, орыс деректерінде олар «половец» деген атаумен танылған. Орыс жылнамашылары қыпшақ тайпаларының сауда істері, әскери қақтығыстары, сыртқы саяси байланыстары мен экономикалық құрылымы туралы көптеген ақпарат қалдырған.
Моңғол шабуылдары дәуірінде қыпшақ хандығы құрамын кіретін тайпалар нәтижесінде «Алтын Орда» атты мемлекет атауына ие болған Жошы ұлысының негізін құрады.