Еуразия құрлығының Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстігінің аралығындағы торапта орналасқан Қазақстанның дархан даласы тас дәуіріндегі ежелгі мәдениеттің бесігі болды. Осыдан бір жарым-бір миллион жыл бұрын ерте (төменгі) палеолит дәуірінде Каспий маңы, Тұран даласы, Монғолия мен Солтүстік Қытай кеңістіктерінде қазіргі адамның арғы ата-бабалары – гоминидтердің тұрағы пайда болды.
Ежелгі адамның өмір сүру ортасы, баяғы Қазақстанның табиғи жағдайлары жайлы деп айтуға келмейтін жəне жиі құбылып тұратын еді.
Бұл уақыт мұз дәуірінің аяқталған кезі болатын. Қазақстанның көптеген таулы аудандары соңғы мұз құрсауында жатқан еді. Оның шеткі және бүйір мореналар тәрізді іздері әлі күнге дейін сақталған. Ресейдің солтүстік еуропалық бөлігіндегі мұз жабындысының кезекті еруі және Кавказ жотасы сілемдерінің жаңа тектоникалық көтерілуі Каспий теңізі деңгейінің көтерілуіне алып келді және ол барлық каспий маңы ойпатын басып қалды.
Бұл уақытта Қазақстан аумағында тау түзуші үдерістердің қарқындылығы күрт артып кетті: Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр және Жоңғар Алатауы таулары пайда болды. Жер қабатының тік қозғалыстары Қазақстанның қазіргі бедеріне ұқсас болып келетін ұсақ шоқылы жерлерді қалыптастырды. Оның жекелеген бөліктері үстірт пен жазықтық құрып аздап қана көтерілген, ал басқа бөліктері ойпаттар мен тау аралық шұңқырлар жасап төмендеп отырған. Мұздықтардың еруінен су тоғысының ұлғаюы, Сырдария және Әмудария өзендері арналарының өзгерісі Арал теңізінің қалыптасуына алып келді. Жамбыл облысындағы Қызылтау қонысының археологиялық қазбалары ежелгі адамдар аулаған жануарлар мен жабайы құстардың көптігін, тұщы судың барлығын және жылы климаттың болғандығын куәландырады. Бұл жерде адамдар үшін кремний тектес шикізаттар өте көп болған, сондықтан да археологтардың 700-800 еңбек құралын тапқаны таңғаларлық жайт емес.
Алайда Қазақстан аумағындағы ежелгі адамның қоныстануына қолайлы аудандардың бірі Қаратау жотасы болды. Салыстырмалы ылғалды және жылы климат, шүйгін, ылғал сүйгіш өсімдік, алуан түрлі жан-жануарлар əлемі, ежелгі палеолит дәуірінде бұл жерде адамның өмір сүруіне қажетті алғышарттарды жасады.
Қазақстан аумағында ежелгі адамның қазба сүйектері əзірге әлі табылған жоқ. Алайда көптеген археологиялық жұмыстар Қазақстанның көптеген аудандарында алғашқы адамдардың тайпалары орналасқанын дәлелдейді. Азия мен Африканың Оңтүстік-Шығысындағы көне құралдарына, Қытайдағы Чжоукоудянь үңгірінде синантроппен бірге табылған қазіргі фаунаға туыс ежелгі жануарлардың түрлік құрамы я ұқсас ежелгі тас құралдары осының айғағы.
Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық қатынаста «тік жүретін адам» фазасына (Homo erectus) ұқсас питекантроп пен синантроптың замандастары болды. Сол кезеңнің өзінде Қазақстанда от жағуды игерді, ірі және ұсақ жануарларды аулаумен, сондай-ақ мекен етушілер қоректенетін өсімдіктерді жинаумен айналысты. Оңтүстік Қазақстандағы Қосқорған мен Шоқтастағы бір ескерткіштің материалдық көмбе қалдықтары осыны дәлелдеген.
Саналы адамның (Homo sapiens) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты.
Неолиттің бастамасы б.з.д. V мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл уақыт тастың артықшылық қасиеттерін барынша кең пайдаланған уақыт болып табылады. Еңбек құралдарын жасауда мейлінше үлкен мамандану жүріп жатты. Қысқыш өңдеме техникасының жетілуімен бірге тасты өңдеудің жаңа технологиялық тәсілдері пайда болды: тегістеу, бұрғылау, егеу, тастың қиын өңделетін барлық түрлері қолданылды, тас балталар жасала басталды, кетпендер, бидай үккіш, ұнтақтағыш, келсаптар кеңінен қолданылды.
Дәуірдің басты белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иеленетін - терімшілік пен аңшылықты алмастыруға келген өндіруші шаруашылық- мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы болып табылады.
Неолит дәуіріндегі алғашқы тұрғындардың қол жеткізген өндіруші күштерінің даму деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына ықпалын тигізді. Қазақстанның байырғы халқында тау өнеркәсібінің және тігіншіліктің нышандары қылаң бере бастады, ал керамикалық ыдыстар оған осыған дейін де таныс болатын. Қоғамдық қатынастар тұрғысынан неолит дәуірі еңбек пен өндіріс құралдарына деген ортақ меншік үстемдік еткен рулық қауым уақыты болды. Сонымен қатар, ол кез қоғам ұйымдасуының жоғары формалары пайда болған уақыт ретінде саналды: тайпалардың немесе тайпалық одақтардың қалыптаса бастады.
Осы уақыттан бастап гоминидтер эволюциясындағы шешуші бетбұрыс жəне қазіргі адамзат тарихына түпкілікті өту кезеңі басталады. Алайда Қазақстанның соңғы палеолит кезіндегі ескерткіштер жеткілікті зерттелмеген, ал Батыс және Солтүстік Қазақстан сияқты жекелеген өңірлер бойынша олар беймəлім күйде. Алайда қолда бар деректер, әсіресе Шүлбі (Шығыс Қазақстан), Шоқан Уәлиханов атындағы тұрақ, Майбұлақтың (Оңтүстік Қазақстан) мейілінше көрнекі ескерткіштері адам мен оның мәдениетінің прогресі жалғасып тауып келе жатқанын тұжырымдауға жеткілікті. Қазақстан аумағындағы адамзаттық қоғамның үздіксіз дамуы ғалымдар тас ғасырының гүлдену дәуірі деп атайтын неолит дәуірінің көптеген олжаларымен дәлелденді.
Қазақстан аумағында қазіргі кезде 800-ден астам неолиттік және энеолиттік ескерткіштер белгілі, олардың көпшілігі зерттелуде.
Қазақстанның ұшы-қиырсыз даласын ежелгі адамдар көшіп-қонып жүрді, ал, бұл аудандарда адамдардың аралық кезең ролін атқарғандығы кездейсоқ емес, бұл арқылы ерте қалыптасуына ықпал етті.