Қазақстанда жануарларының әр алуан түрлері бар. Олардың қатарында: сүтқоректiлердің 178 түрі, құстардың 489 түрi, бауырымен жорғалаушылардың 49 түрi, қос мекендiлердің 12 түрі, балықтардың 104 түрі, омыртқасыз жануарлардың шамамен 50 түрі жатады.
Бұлардың арасында ерекше жануарлар да кездеседі. Мысалы: түркістандық сiлеусiн, арқар, ақбөкен, тас сусары, iлбiс.
Қазақстан аумағындағы фаунаның ерекшелігін сақтау үшiн, арнайы қорықтар салынған. Олардың басты мақсаты - көркем ландшафтты оның табиғи күйiнде сақтау және жойылып бара жатырған, сирек кездесетін жануарлар санын қалпына келтіруге жағдай жасау.
Қазақстанның аумағында бiрнеше табиғи аймақтар орналасқан, олар өздерінің жануарлар және өсімдіктер құрамымен ерекшеленеді. Солтүстiктен оңтүстiкке дейін орманда дала, шөлейт, шөлді жерлер болып келеді. Елдің шығысында тау алаптары орналасқан, олардың жануарлар әлемі де өте ерекше.
Орманды аймақтарды сүтқоректiлерден - қоян, сутышқан, ақ тышқан, елiк, түлкi және қасқыр, құстардан – барлық жерде ұшырасатын шiл мен құр мекендейді.
Қайың тоғайларын жыртқыш құстар мекендейді: күйкентай, ителгi, тоқылдақ және қарғаның кейбір түрлері.
Далалық жерде, негізінен, тышқандар, алақоржындар, қасқырлар, түлкiлер мен борсықтар тіршілік етеді. Ақбөкендер де жиі кездеседі. Далалық құстардан дрофа мен тырналарды, торғайдың әртүрлі түрлерін (қара, қу торғай, сары шымшық) кездестiруге болады.
Ұсақ кемiргiштер қатарына жататындар: саршұнақтар, сұр тышқандар, алақоржын, шақылдақ, атжалмандар.
Шөлді жерлерді мекендейтін жануарлар қорғашан табиғи ортаға өте бейім: олардың түстері шөлдердің түстеріне ұқсас болады. Осындай бейiмделушiлiк қасиет осы жерді мекендейтін саршұнақтар мен тышқандарға тән.
Кемiргiштерден басқа, бұл табиғи аймақта ақбөкенді, қасқырды, түлкiнi, борсықты, алақоржынды кездестiруге болады.
Шөл жануарлары ыстық климат пен судың тапшылығына шыдамды болып келеді. Түнде тіршілік ететін жануарлар күндіз індерге тығылып, түнде аңға шығады.
Көптеген мекендеушiлер, мысалы, суырлар мен дала тышқандары, торғайлардың кейбiр түрлері ылғалды шөптермен қоректенеді. Сонымен қатар, бұл жерлерде көктемде ғана қоректеніп, жазда ұйқыға кететін жануарлар да кездеседі. Саршұнақтар осылай тіршілік етеді. Жазғы ұйықтау уақыты маусымнан, ал далалық тасбақа үшін, ертерек, көктемде басталады.
Қазақстанның шөлді және шөлейт жерлерінде, өрмекшiлер мен шыбын-шiркейлердiң түрлерi көп кездеседі. Олардың ішінде адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп-қатер төндіретіндері де аз емес. Олар - қарақұрт, бүйi, шаян, кенелер мен жыландардың түрлері. Басқа құрт-құмырсқалар, мысалы, шегiрткелер шалғындық өсiмдiктер мен егiндерге шабуыл жасайды, ал көбелектердiң балаңқұрттары ағаш өсiмдiктеріне үлкен зиян келтiредi.
Өзен, көл жағалауларында, тоғайлы ормандарда (тоғайларда) жануарлар түрі өте көп. Тоғайларда қарғалар, қалқан құлақты жапалақтар, сары шымшықтар тіршілік етеді.
Сырдарияның жайылма тоғайларында қасқырлар жүреді. Өзеннiң жайылмаларында, тоғайлардың арасында қабан, елiк, ақ тышқан тіршілік етеді. Өзеннiң жағалаулары құсқа, теңіздер мен су қоймалары балыққа бай.
Арал теңізінде балықтар мен итбалықтардың 20 түрі, Каспий теңізінде 55 түрі бар.
Алтайда, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шань мен Сарыарқа тауларында солтүстiктен, оңтүстiктен, Жерорта теңiзі мен Қытайдан қоныс аударған жануарлар болады. Оларға келесі жануарлар жатады: мүйiзсiз бұғы, тиiн, орман тышқаны, саңырау құр, шiл, жапалақ, тоқылдақтардың кейбiр түрлері және тағы басқалар. Олар жергiлiктi флорадан жаңғақтармен, шекiлдеуiктермен азықтанады.
Одан басқа, Алтайда қоңыр аю, ұлар мен дала бозторғайы ұшырасады.
Жерорта теңiзінен көшіп келіп, бiрақ Алтайға дейiн жетпеген, Тянь-Шань мен Тарбағатай тау алаптарының шекарасынан өтпеген жануарларға гималай ұлары мен жапалақ жатады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау таулы аймақтарында марал, сiлеусiн, тышқан, торғай, сары шымшық; Батыс Тянь-Шанда – суыр, ұзын құйрықты тышқан, көк қарға, дала торғайы тіршілік етеді. Орталық Тянь-Шанда алтайлық суыр, орақ тұмсық ұшырасады.
Қазақстанның жануарларын қорғау - жалпы мемлекеттiк маңызды мiндет болып табылады. Жойылып бара жатырған және сирек кездесетін жануарлар ҚР Қызыл кiтабына енгізіліп, мемлекеттiң ерекше қорғауына алынған.
Қызыл Кітапқа келесі жануарлар енгізілген:
Егер Қазақстанның бұрынғы аумағында құландар мен ақбөкендердің, қарақұйрықтардың саны көп болған болса, қазір қырылу салдарынан, олардың саны күрт азайып кеткен. Сондықтан жануарларды қайта қоныстандыру барысында, олардың санын қалпына келтіру мақсатында, елде көптеген іс-шаралар іске асырылып келеді. Көлдерге егеуқұйрықтарды, Алтай тауларына – қара қаракүзендерді, Каспий теңізінің жағалауына – енот тәрiздi иттерді бөлу басталған. Көлдер мен өзендерге бағалы балықтардың түрлері жіберілген.
Қазақстан өсімдіктер мен жануарлардың ерекше түрлерінің сақталуына үлкен назар аударады. Елімізде табиғи аумақтарды ерекше қорғауға алған кешендер жұмыс жасайды. Сол кешендердің шеңберiнде 10 қорық, 12 ұлттық паркі, 5 табиғи резерваторлар белсенді жұмыс атқарады.
Қазақстандағы кейбір аңдарды қайта түлетуге бағытталған айтулы жобалар қатарында тұран жолбарысы популяциясын жандандыру бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдарламаны Алматы облысындағы Балхаш көлінің оңтүстік жағалауында жүзеге асыру көзделуде.
Тұран жолбарысы – ертеректе Орталық Азия, Таяу Шығыстың кейбір елдері мен Кавказды мекендеген жолбарыс түрі. ХХ ғасырдың ортасында түрлі себептерге байланысты бұл жолбарыс түрі жойылып кеткен. Бұл қайғылы жағдайдың басты себептері ретінде заңсыз аң аулаушылық, жолбарыстарды азықтандыратын базалардың жабылуы, ауылшаруашылық саласын кеңейту, суландыру жобаларын атауға болады.
2010 жылдан бастап Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасы бойынша тұран немесе каспий жолбарысы популяциясын жандандыру бағдарламасы жолға қойылды. Қазақстан билігі де бұл жобаға ерекше ықыласпен қызығушылық танытты. Бекітілген жоспар бойынша 2019 жылға қарай Балхаш өңірінде, яғни, Іле өзенінің сағасы мен сол мекеннен шығысқа қарай аумағы 1 млн. га құрайтын Тұран жолбарысы ұлттық паркі құрылатын болады.
Ілбіс немесе Барыс - Орталық Азияның тау алаптарын мекендейтін, мысық тұқымдас, жыртқыш, сүтқоректі жануар. Барыс нәзік, ұзын; иілгіш денесімен, қысқа табандарымен, шағын басымен және өте ұзын құйрығымен ерекшеленеді. Құйрығымен бірге ұзындығы - 200-230 см; ал салмағы 55 кг-ға дейін жетеді.
Барыстың терісінің сыры өте әдемі - сақина тәрізді қара дақтары бар ашық боз түсті.
Қазіргі таңда барыстардың саны өте аз; XX ғасырда ол Қазақстан ғана емес, басқа да елдердің қызыл кітабына енген, сонымен бірге, табиғатты қорғаудың Халықаралық одағына кіргізілген. Бүгінде бүкіл әлемде барыстарды аулауға тыйым салынған.
Қазақстанда барыстың 100-120 түрі кездесетін, барыстардың мекендеу аймағының периферикалық солтүстік бөлігі орналасқан. Олар Іле және Жоңғар Алатауы мен орталық Тянь-Шанды мекендейді. Қазақстандағы ілбістер санының аздығына қарамастан, елдің барлық тұрғындары үшін ілбіс - ең сүйікті де маңызды жануарлардың бірі. Барыс - қазақ халқы мен олардың ата-бабаларының символы. Олар үшін сирек кездесетін жұмбақ аң тотемді жануар болып есептеліп, бейнелеу өнері шығармаларының міндетті кейіпкеріне айналған.
Қызықты деректер: