Қазақстанның табиғаты әртүрлі және ерекше. Оның кез келген бұрышы өздiгiнше әдемi. Қазіргі таңда Қазақстанда өсiмдiктердiң алты мыңнан астам түрлерi бар.
Олардың қатарында: ағаштардың 68 түрі, бұталардың 266 түрi, жартылай бұталардың 433 түрі, көпжылдық шөптердің 2598 түрi, бiржылдық шөптердiң 849 түрi.
Қазақстанның өсiмдiктері аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Солтүстiк аудандар орманды дала аймағына, оңтүстік аудандар шөл және шөлейт жерлерге жатады.
Сонымен бiрге, елдің байтақ аумағында, экономикалық қызмет пен ғылым үшiн өте бағалы орман алаптары көп кездеседі. Қазақстан өсiмдiктер мен жануардың ерекше түрлерінің сақталуына ерекше назар аударады. Елімізде табиғи аумақтарды ерекше қорғауға алған кешендер жұмыс жасайды. Сол кешендердің шеңберiнде 10 қорық, 12 ұлттық паркі, 5 табиғи резерваторлар белсенді жұмыс атқарады.
Қазақстанда ормандар жалпы аумақтың 1,2 %-ын, сексеуiл ормандары мен бұталарды есептегенде, 4,2 %-ын құрайды. Соған қарамастан, Қазақстанның ағаш байлықтары зерттеушiлердiң мен туристердің ерекше қызығушылығын туғызады, әсіресе, таудағы және тау етегiндегi ормандар назар аудартады.
Ағашты дала елдiң солтүстiгiнде орналасқан. Ормандар, сонымен бiрге, Іле Алатауында және басқа да тау жүйелерінде кездеседі.
Негiзгi түрлері:
Түрлері әртүрлі болғанымен, Қазақстанның орманды аудандарының үштен екiсінен астамы бұта мен сексеуiлге толы. Ал ағаштардың көп бөлігі, шамамен 70 %-ы, қылқан жапырақты болып келеді.
Қазақстандағы ерекше ағаштар мен бұталар (эндемиктер):
Ел аумағында эндемикалық ағаштар мен бұталардың 115 түрі кездеседі. Бұлар - жүзгін (28 түрі), астрагал (35 түрі), қырғыз қайыңы, Линчев алма ағашы, каспий өңірлік, жоңғарлық, сібірлік доланалар, үлкен көктерек, Вавилов алмұрты, Шренк, түркістан раушаны, талдар және т.б.
Өткен ғасырлар флорасының өкiлдерi болып саналатындарға мыналар жатады: тянь-шань шыршасы, қаратау бұйрасы, Регель алмұрты, Корольков бояркасы, пiсте, Семенов үйеңкiсі және басқалары.
Тау жүйелерiнде өсiмдiктер бiрнеше белдеулерден өтеді. Тарбағатай мен Оңтүстік Алтайдағы далалық белдеу далалық алқапқа ұқсас болып келеді, бірақ ол жерлерде бұталар көп кездеседі.
Тау алаптарының орман белдеулерiнде үйеңкi, шырша, самырсын, жаңғақ белсендi өседі. Олар Тянь-Шань аласа алап болған кезде, 30-40 млн жыл бұрын еніп кеткен. Қазіргі таңда Қазақстанның тау ормандарында бiрнеше формациялар бар:
Қазақстандық тау етектерiнiң бұталары мен ағаштары туралы айтқан кезде, Қазақстан мен дүние жүзi өсімдіктері үшін маңызды Сиверс Алма Ағашы осы жерде өсетінін айтпай кету мүмкін емес. Бұл жабайы өсетiн алма ағашы, еуропалық ғалымдардың зерттеулерiнiң нәтижесінде, әлемнiң барлық алма ағаштарының бастауы болып табылады. Бұл зерттеу Қазақстанның алманың отаны болып табылатындығын дәлелдейді.
Ғалымдар Сиверс алма ағашы қазіргі Қазақстанның аумағында, 150 млн жыл бұрын пайда болған деп болжайды. Бұл - қазіргі Жоңғар және Іле Алатауы орналасқан аймақ.
Кезінде бұл жерден Ұлы Жібек жолы өткен, сол кезде осы жерден керуендермен бірге алма ағашы батыс пен шығыста тарай бастаған. Жергілікті алма ағаштарына ең алғаш петерборлық ботаник Иоганн Сиверс көңіл аударып, 1796 жылы бұл алмаларды сипаттаған.
Бүгінде, Қазақстанның аумағында Сиверс алма ағашының шамамен 75 %-ы Жоңғар және Іле Алатауы бөктерінде шоғырланған.
XX ғасырда өткізілген ДНҚ зерттеуі Сиверс алма ағашының қазіргі алма ағаштарының көп сорттарының бастауы болып табылатындығын растады (ПРУФЛИНК).
Ғалымдар азиялық орталықтың жабайы өсетін алма ағашының генетикалық әр түрлілігінің орта азиялық орталығы - алма ағашының қолға үйретуінің ең ежелгі ошақ екендігін дәлелдейді. Ал осы орталық азияда қолға үйретілген жабайы алма - Сиверс алмасынан алынған.
Қазақстанның оңтүстiк-шығысындағы жабайы алма ағаштары әртүрлі, олар жемістерінің түсі, пішіні, өлшемі, дәмі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Жабайы алма ағаштары шыдамдылық, ұзақ өмір сүру, ауруларға қарсы тұру сияқты бағалы қасиеттерге ие болады. Бұл ерекше, толық зерттелмеген қойма - алмалардың жаңа сорттарын жасау үшiн керемет жаңа тетік.
Таулардағы альпiлiк өсiмдiктер шабындық өсімдіктерге жатады.
Қазақ даласы елдiң жетi облысының аумағын қамтып, 2200 км-ге созылып жатыр. Далалық жерде, негізінен, ылғал жерде тіршілік ете беретін шөп өседі. Далалық аймақтың өсiмдiктеріне мұндай өсiмдiктер жатады: бетеге, бозот, және тағы басқалары.
Реликтолық, көптамырлыларға сiбiр бетегесі, ши және пияз жатады. Сонымен бiрге, далада бетеге, бұйырғын, сасыр, жусан өсiп шығады. Бұл өсiмдiктер құрғақ климатта өмiр сүруге әбден үйренген.
Қазақстанның далалық флорасын сипаттаған кезде, қызғалдақтарға назар аудармай, айналып өту мүмкiн емес. Қазақстан әлемнiң барлық елдерiнiң арасында, жабайы өсетiн қызғалдақтардың әр түрлiлiгiн сақтау бойынша жетекші орын алады. Ел аумағында бұның 35 түрі өседі.
100-ден аса түрі бар жабайы өсетін қызғалдақтардың 37-сі - Қазақстандікі. Сонымен қатар, Қазақстанның қызғалдақтардың отаны болып саналады. Олар қазіргі Қазақстанның аумағында, шөл белдеулері мен Тянь-Шань тау етектерінде 10-20 млн. жыл бұрын пайда болған. Дәл осы жерден олар солтүстік пен оңтүстікке, батыс пен шығысқа біртіндеп таралып, Еуразия аумағында оңтүстік Сібір даласынан Иран шөлдеріне дейін, Моңғолия алқабынан оңтүстік Еуропаның тауларына дейін жеткен.
Мәдени қызғалдақтардың 3000-нан астам сорттарының ішінде, қазақстандық түрлері алғашқы орындардың бірін алады. Қызғалдақтың қазақстандық сорты бір қалыпты климатты елдерде кең тараған, олар көшелер мен саябақтарды, қалалар мен парктерді, ауылдарды көріктендіріп, көптеген ірі ботаникалық бақшалардың назар аударарлық жерлерінің бірі болып есептеледі.
Қызғалдақтың барлық түрлері ішінде ең белгілісі - Грейг қызғалдағы. Дәл осы қызғалдақ 1877 жылы, голландиялық гүл өсірушілерден «қызғалдақтардың королі» деген құрметті лауазымды алды. Қызғалдақтың бұл тамаша түрі тасты баурайларда, Қаратау тау етектерінде, Алматының батысындағы Жетіжол жартастарына дейін өседі. Оған биік сабағы, үлкен көкшіл-сұрлау жапырақтары ерекше сән береді. Оның түсі де әртүрлі, көбінесе - ал қызыл немесе қою-қызыл, кейде - қызғылт сары, сары немесе жібектей ақшыл. Гүл жапырақшасының ішкі жағында қызыл немесе қара дақ болады. Бояуларды мен пішіні бойынша бұл өрнектер азиялық жібек кездемесі - хан-атластың элементтерін қайталайды.
Далалық жерлерде көлдер негiзiнде сортаңды топыраққа шыдамды өсiмдiктермен қоршалған. Жуан шырынды бұтақшалары мен сабақтары бар, бiр жаздық солерос таңғажайып өсiмдiгі кейде тұзды ерiтiндiде өседі.
Қазақстанның флорасында шөл жағдайларына үйренген өсiмдiктің 250 түрі бар. Бұл, ең алдымен, қара сексеуiл - аласа, "жартылай ағашты", жапырақсыз, отын ретінде және түйе мен қой малына жемшөп ретінде пайдаланатын өсімдік.
Шөлдерде құмда өсетін жүзгiн, қараған сияқты өсімдіктер де кездеседі.
Шөлдердiң көп өсiмдiктерiнің жапырақтары құрғақ климатқа бейімделген, сондықтан олар қорғаныстық рөл атқаратын қалың қабық — эпидермиспен қапталған. Мұндай шөлді аймақтың климатына бейімделу үшін, кейбір өсімдіктерде керемет эфемер бейімделу қасиеті болады. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанның мұндай өсiмдiктерi қысқа мерзімде, әсіресе көктемде гүлдеп, өседі. Эфемерлер басқа өсiмдiктерден ертерек, көктемде оянып, құмды жасыл шөппен жауып, оны басқа түске бояйды. Алайда, бірнеше апта өткеннен кейін, олар гүлдеп, қурап қалады.
Қазақстанның жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін өсiмдiктері арнайы қорғауға алынған. Елде олардың шамамен 600 түрі бар, олардың едәуір бөлігі ҚР қызыл кiтабына енген. Тіркелгендер қатарына жататын өсімдіктер:
- 287 гүлдер – тарбақай, тобылғытүс, канкриниелла, қаратау доремасы, ферула, т.б. Қызыл кітапқа Шренк шыршасы мен арша кірген.