Қазақстанның су ресурстары әртүрлілігімен ерекшеленеді: теңiзге шығатын жолдың жоқтығына қарамастан, елдiң аумағында әлемдiк деңгейдегі су қазыналары табылады. Әлемдегі ең ірі көл - Каспий теңiзі, Кіші Арал - бұрын әлемде үлкендігі бойынша 6-орын алатын Арал теңізінің солтүстік бөлігі және әлемдегі ең ұзын өзен саласы - Ертiс өзені.
Ел аумағында тау және далалық жердегі мыңдаған өзендер мен ондаған тұщы және тұзды көлдер орналасқан.
Қазақстан батысының бір бөлігі жер шарының ең үлкен ағынсыз көлі - Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Ол өлшемі үлкен болғандықтан теңіз деп аталады, оның жалпы ауданы шамамен 370 км2. Каспий Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан, оның беті мұхит деңгейінен 26;5 м төмен. Ол солтүстіктен оңтүстікке 1200 км созылып жатыр. Ең ұзын жері -435 км; ал қысқа жері - 193 км.
Қазақстанға Каспийдің 29 %-ы (2340 км) тиесілі, бұл - теңіз ауданының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігі.
Болжамдарға сүйенсек, Каспий теңізінің атауы осы аймақтың оңтүстік-батысында б.э.д. 1-мыңжылдықтарды өмір сүрген каспий тайпаларына байланысты қойылған. Тіпті, өзінің тарихында каспий теңізі әр түрлі тайпаларға қатысты қойылған 70 шақты атауға ие болған.
Каспий теңіздің де; көлдің де қасиеттеріне ие. Ол бәрінен бұрын, өзінің ағынсыздығына қарамастан, көлемі бойынша теңіз атағын иеленген. Экожүйе жабық бассейнді тарихы бар; әлемдік мұхиттың эвститикалық деңгейіне бағынышты болмайды теңізді ұсынады.
Каспий теңізі - шамамен 5;5 миллион жыл өмір сүріп келе жатқан су айдыны.
Теңіздің қазақстандық бөлігі айтарлықтай терең емес; Каспийдің солтүстік жағалауының тереңдігі бар болғаны шамамен 15-20 м. Қазақстандық өзендердің арасында Каспийге құятындары - Жайық және Жем (Ембі).
Каспий балықтар мен итбалықтарға өте бай. Балықтардың ішінде бекіре балықтары (бекіре, қызыл балық) өте бағалы болып келеді. Қазақстандағы бекіре кәсібінің 40 %-ы Каспийде ауланады.
Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар, олардың аумағы 45 мың км² шамасында, ал жалпы көлемі – 190 км3.
Қазақстандық көлдердiң 3 мыңының ауданы 1 км²-тан асса, 21 көлдің ауданы 100 км²-тан асады.
Елдің негiзгi көлдердiң үлкен бiр бөлiгi солтүстiк Қазақстанда орналасқан, ол жалпы санының 45 %-ын құрайды. Қазақстанның оңтүстік және орталығында 36 %-ы орналасса, басқа аймақтарды бiріктіргенде 19 % болады.
Қазақстанның әйгiлi және ірі көлдерi: Каспий мен Арал теңізі және Балқаш көлі. Мұндай көлдердiң қатарын бұдан әрi Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілетітеңіз бен Сасықкөл жалғастырады.
Қазақстанның ең iрi көлдерiнің аудандары
Каспий теңізі - Қазақстан батысының бiр бөлiгi жер шарының ең үлкен ағынсыз көлi - Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Ол өлшемі үлкен болғандықтан теңіз деп аталады, оның жалпы ауданы шамамен 370 км².
Каспий Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан, оның беті мұхит деңгейінен 26,5 м төмен. Ол солтүстiктен оңтүстiкке 1200 км созылып жатыр. Ең ұзын жері – 435 км, ал қысқа жері – 193 км.
Қазақстанға Каспийдің 29 %-ы (2340 км) тиесілі, бұл - теңіз ауданының солтүстік және солтүстiк-шығыс бөлігі.
Арал теңізі - бұл Тұран платформасында орналасқан ағынсыз, тұзды көл. Оның бір бөлігі Қазақстанда, екінші бөлігі Өзбекстанда орналасқан.
Аралдың ХХ ғасырдағы тарихы өте әсерлі. 1960-шы жылдардан бастап жеңiл өнеркәсiп саласында және негiзiнен Түркіменстан мен Өзбекстан аумағындағы мақта даласын суландырудың мақсатында, Сырдария мен Әмударияның суын пайдалану үшін жасалған кеңестік жобаны iске асыру барысында теңiз деңгейi төмендей бастады.
Арал трагедиясын кеңес өкiметi 1980-шы жж. дейін жасырып келіп, ол «жариялылық» кезеңінде белгілі болды. Осы уақытқа дейін Арал көлемі бойынша әлемде 4-орын алса, кейін 6-орынға түсіп, ақырында тіпті ондықтан да шығып кеткен.
1989 жылы теңіз екі су ағынына бөлінді — Кіші және үлкен Арал. Қазіргі таңда оның ауданы өткен ғасырдың 1960-шы жж. тіркелген ауданының 10 %-ын ғана құрайды. Судың көлемі 5 есеге азайған, тұздылығы артып, балықтар саны кеміген.
ХХ ғасырдағы Арал теңізінің тартылуы
Қазақстан тәуелсiздiк алған мезгілден бастап, Арал теңізінің мәселесін шешуге белсене кірісті. Арал маңы экологиясынан зардап шеккен азаматтарды қорғау және оларға әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасы жасалды, Кіші Аралды құтқару мақсатында ірі масштабты жобалар қолға алынды. Бұл жерде шешуші қадам 2005 ж., Кіші Аралға бөгет салынған кезде жасалды.
Жобаның арқасында Кіші Аралдағы судың деңгейі 5 жылда 39-дан 42,2 метрге дейiн көтерiлдi. Бүгінде Арал қаласы мен теңiз арасындағы қашықтық кезіндегіден 100-ден 12 км-ге дейiн қысқарған.
Арал теңізінің тартылуы белгілі кезеңдерден тұрады:
2009 ж. кейін Үлкен Арал теңізінің құрғауы тоқтап, кейбір жылдары ғана (2010 ж. жазы мен 2012 ж.) ауданы үлкейді.
Кіші Арал теңізінің қүрғауы 1990 жж. басында тоқтаған.
Үлкен Көкарал бөгеті
Көкарал бөгеті - Солтүстік Арал (Кіші теңіз) мен Оңтүстік Аралды (Үлкен теңіз) бөліп тұратын бөгет.
Ол Кіші Арал теңізінің судеңгейін сақтап қалу мақсатында жасалған.
Бөгет Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2005 жылы салынған.
Жобаны іске асырудың нәтижесінде Сырдария өзенінің арнасы 350-ден 700 кв метрге өсті; Арал теңізінің солтүстік бөлігі қорғалды: 870 кв км (2414-тен 3288 кв км-ге дейін) аудандағы теңіздің кепкен түбі қалпына келтірілді; теңіз көлемі 11,5 кв км-ге (15, 6-дан 27,1 кв км-ге дейін) ұлғайды; су минерализациясы 23-тен 17 г/л-ге дейін төмендеді.
Балқаш – Қазақстанның оңтүстiк-шығысындағы ағынсыз, жартылай тұщы көл.
Балқаш – әлемдігі кеуіп кетпейтін, тұзды көлдердің ішінде көлемi жағынан екiншi (Каспий теңізінен кейiн) және әлемнiң ең iрi көлдерiнің тiзiмінде 13-ші орын алатын көл.
Балқаштың ауданы - 18200 км², ұзындығы - 614 км, шығыс жағында ені - 9 мен 19 км арасында және батыс бөлігінде 74 км. Балқаштың максималдық тереңдігі - 26 м. Көле 40 шақты арал бар, олардың саны су деңгейіне байланысты өзгеріп тұрады.
Көлдiң басте ерекшелігі - ол екi бөлiкке тар бұғазбен бөлінген, олардың суы әр түрлi химиялық сипатқа ие болады: батыс бөлiгiнде суы - тұщы, шығысында — ащы.
Батыс бөлiгiндегі тұщы су Іле өзенінен құйылады, көлдің шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері құяды, бұдан басқа, көл жер асты топырақ суымен қоректенедi. Көл суының құрамы ғана емес, оның түсінің де әртүрлілігі өте қызық.
Осылайша, батыс бөлiгiндегі су сарғылт-сұр түсті де, шығысында судың түсі көгілдірден жауһар түсті көгілдір түске дейін өзгереді.
Зайсан – Шығыс Қазақстан облысы аумағында, Оңтүстік Алтай, Саур мен Тарбағатай аралығындағы қалааралық тектоникалық ойпаңда орналасқан тұщы көл. Бұл - Шығыс Қазақстандағы ең үлкен көл. Зайсанмен кеме қатынайды.
Зайсан көлінің ауданы - 1810 км², ұзындығы - 100 км, ені - 30 км. Тереңдiгі 8 метрге жетедi.
Қазақстанның бұл көркем бұрышы туристерді ғана емес, балық аулаушыларды да көп қызықтырады.
Алакөл – Қазақстанның оңтүстiк-шығысында, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының аралығында орналасқан ағынсыз, тұщы көл.
Алакөл көлінің ауданы - 2200 км².
Алакөл көлі Қазақстанның әдемі көлдерінің бірі ғана емес, сонымен қатар, ол емдік қасиеттерге ие. Алакөл көлі демалыс пен ем үшiн барлық жағдайды жасайтын күкiрт сутекті балшыққа және минералды тұздарға бай.
Теңіз көлі – Сарыарқаның орталығында, Қорғалжын қорығының аумағында орналасқан тұзды, ағынсыз көл. Оның ауданы - 1590 км², ұзындығы – 75 км, ені – 40 км, тереңдігі –8 метрге дейін.
Теңіз көлінің басты ерекшелігі - бұл қызғылт қоқиқаз тіршілік ететін ТМД аумағындағы санаулы жердің бірі. Сонымен қатар, Теңіз көлінде балықтар жоқ.
Қазақстанда 39 мыңнан астам тұрақты және уақытша өзендер орналасқан. Сонымен қатар, 7 мың өзеннің ұзындығы 10 км-ден асады.
Елдiң ең iрi өзендерiнің қатарына мыналар жатады: Ертiс, Есiл, Тобыл, Орал, Сырдария, Іле және Шу.
Ең үлкен қою (0,4-1,8 км/км²) өзендердің жүйесіне биiк таулы Алтай өңірі, Жетісу белесі, Іле Алатауы аймағы кіреді. Ең аз қоюлық Арал және Каспий шөлдерi маңында байқалады.
Қазақстандағы өзендердің көпшiлiгі Каспий мен Арал теңіздеріне және Балқаш пен Теңіз көлдеріне жатады.
Ертiс – Қазақстанның суы мол, ең ұзын өзені. Өзеннiң жалпы ұзындығы 4248 км-ді құрайды, бұл азиялық аймақ өзендерінің арасында екінші орынды алады. Ертiстiң қазақстандық бөлiгінің ұзындығы – 1835 км. Өзеннің бастауы Қытай мен Моңғол елдерінің шекарасындағы таулы аудандардан басталады.
Зайсан көліне дейінгі өзеннің бөлігі Қара Ертiс деп аталады. Ертiс суы Бұқтырма ГЭС арқылы өткеннен кейiн, «қара» сөзі «ақ» болып өзгереді.
Ертiс өзені Қазақстан аумағындағы үш iрi қаладан ағып өтеді: Өскемен, Семей және Павлодар. Ертiсте 3 гидроэлектр станциясы бар.
1974 жылы Қазақстанның басқа аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшiн, 458 км-ге созылған Ертiс - Қарағанды үлкен арнасы салынған. Оның тереңдігі – 57 м, ені – 40 м. Арнаның екінші кезеңі Жезқазғанға дейін жетеді.
Есіл – Ертiстiң ең ұзын саласы, Қазақстан бойынша созылыңқылығы - 1400 км, ал өзеннiң жалпы ұзындығы – 2450 км, су жинағыш хауыздың ауданы - 177 мың км². Өзен ерiген қар суымен қоректенеді.
Дәл осы Есiл өзенінің жағалауында Қазақстанның астанасы – Астана қаласы орналасқан. Сонымен қатар, Есiл Петропавл қала арқылы да өтеді.
Ертiске Есiл өзені Ресейдiң аумағында қосылады.
Есiл өзенiнде екi су қоймасы орналасқан — Вячеслав су қоймасы және Сергеев су қоймасы. Петропавл мен Сергеев су қоймасының арасында кеме жүреді.
Жайық - Орал тауынан бастау алатын өзен. Өзеннің жалпы ұзындығы – 2 428 км, қазақстандық бөлігі – 1082 км, су ауданы – 231 мың. км². Өзен Қазақстанның екi iрi қалаларынан өтеді: Атырау және Орал. Жайық өзенінде кеме жүреді.
Іле – шығыс Қазақстандағы өзен. Іленің жалпы ұзындығы – 1439 км, қазақстандық бөлігі – 815 км.
Өзен 3540 м биіктіктегі Тянь-Шань тау алабының қытай бөлiгiнен бастау алады.
Қапшағай су қоймасынан өтіп, Балқаш көліне құяды.
Қапшағай су қоймасына жақын жерде, Іле өзені бойындағы қара жартастарда барлығы 1000 шақты әр түрлi бейнелер бейнеленген петроглифтер сақталған. Іле өзені - Жетісу туризмінің негiзгi тармағы.
Өзеннің кей жерлері тап-таза сулы көл секілді болып келеді.
Тобыл – солтүстiк Қазақстанындағы өзен, Ертiстiң сол саласы. Тобылдың жалпы ұзындығы - 1591 км, қазақстандық бөлігі – шамамен 800 км. Қазақстанда Тобылдың орта тұсы ғана орналасып, оның басы мен соңының Ресей аумағында болуы – өте қызық. Тобыл Қостанай қаласы арқылы өтеді.
430 км болатын өзеннің төменгі жағында кеме қатынайды.
Сырдария – су көлемі бойынша Орталық Азияда Әмудариядан кейiнгі екінші ең ұзын өзен. Оның жалпы ұзындығы - 2219 км, қазақстандық бөлігі – 1400 км. Өз ағысында өзен төрт орта азиялық мемлекеттi кесiп өтедi — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Өзбекстан.
Өзенде 2 су қоймасы мен 3 бөгет орналасқан.