Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Экономика

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Қазақстанның экономикасы – Орталық Азиядағы ең iрi экономика және ТМД кеңістігінде екiншi экономика.

Экономикалық өнімнің негiзгi көздері - мұнай, металл, минералдарды өндіру. Алайда соңғы жылдары машина жасау мен бағасы жоғары тауарларды шығаратын өңдеу өнеркәсiптерінің де маңызы артып келеді.

1991 жылы тәуелсiздiгін алғаннан кейiн Қазақстан командалық-жоспарлы жүйеден дамушы нарықтық экономикаға сәтті өтіп, Орталық Азия аумағында мойындалған экономикалық көшбасшы болды.

1999 жылдан бастап Қазақстанның орташа жылдық ЖІӨ-і 7,4 % құрап, алдыңғы қатарлы дамушы елдердің көрсеткіштерін басып озды. Осылайша тәуелсiздiктiң соңғы 20 жылында Қазақстанның сыртқы сауда көрсеткіші 13 есе, өнеркәсiптiк өнiм көлемi 26 есе, ал нақты көрсеткiш 2,7 есеге өсті.

2014 жылы Елдiң ЖІӨ-і 4,3 % өсіп, 227 млрд. АҚШ долларына жетті.

Сонымен қоса, қысқа тарихи мерзiмде адам басына шаққандағы ЖІӨ 17,9 есе өскен, 1993 жылы 696,2 АҚШ доллары болса, 2014 жылы 12 495,6 АҚШ долларын құраған.

Елдің алтынвалюта резервтерi 2015 жылдың 1-қаңтарында 102,5 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 73,6 млрд. доллары Ұлттық қорға тиесілі.

KASE қазақстандық биржадағы сауда көлемі 2014 жылы 260 млрд. АҚШ долларын құраса, бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24 % артқан.

Елдiң қаржы секторы бұдан әрi де Президент Н.Назарбаевтың "100 нақты қадам" Ұлттық жоспарын iске асыру шеңберiнде дами береді. Бұл жоспарда «ЭКСПО 2017» инфрақұрылымының базасында оған арнайы мәртебе беру арқылы Астанада халықаралық қаржы орталығын жасау (AIFC) міндеттелген. Және де тәуелсiздiк тарихында алғашқы рет қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесі Конституцияда бекiтiлетін болады.

Қаржы орталығының дербестігі жеке тәуелсіз сот жүйесінің жасалуымен бекітіледі, ол ағылшын құқығы қағидаларына сай қалыптасады. Және сот корпусы шетелдiк мамандардан құралған.

Либералды салық режимiнiң орталығына қаржы нарығын жасау мүмкiндігін енгізу ескерілген. Инвестициялық резиденттіктің қағидасын енгiзуi белгiленген, яғни орталықтың қызметкерлерi үшiн 5 жылдық мерзiмге визасыз режим жасалады. Бұдан басқа, ағылшын тiлi Астананың қаржы орталығының аумағында ресми тіл болып белгіленеді.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2014 жылы 119,5 млрд. долларды құрады. Экспорт – 78,3 млрд. АҚШ доллары. Импорт – 41,2 млрд. АҚШ доллары.

Қазақстан көлiк-логистикалық инфрақұрылымның дамуына көп көңіл бөледi. Бұл бағытқа «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасы, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолын салу, Қытаймен шекарадағы «Хоргос» «құрғақ портын» дамыту жәте басқа да жұмыстар арналған. 2014 жылдан бастап Қазақстан теңiз портына Қазақстан-Түркіменстан-Иран темiр жолы арқылы жететін жолмен қамтамасыз етілген. 

2015 жылы Қазақстан Бүкiләлемдiк сауда ұйымына кiру бойынша келiссөздi аяқтады, енді жыл соңына дейін БСҰ-ның 162-мүшесі болуы керек.

Қазақстанның жалпы iшкi өнiмiнің құрылымы келесi түрде көрсетілген:

1. Өңдеу өнеркәсібі – 10,3%;
2. Тау-кен өнеркәсібі – 15,7%;
3. Ауыл шаруашылық– 4,2%;
4. Құрылыс – 6,4%;
5. Сауда– 16,2%;
6. Көлік және байланыс – 10,4%;
7. Басқа қызметтер – 35,5%.
Дереккөз – Қазақстанның дамуы банкі.

Дәстүрлі түрде елде ауыл шаруашылығының дамуына көп көңіл бөлінеді. Қазақстан әлемдегі астықты экспорттайтын елдердің алдыңғы ондығына кіреді және ұнды экспорттау бойынша жетекші орын алады. Өнеркәсiптiк өндiрiстің үлесі Қазақстан экономикасында ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін құрайды.

Қазақстанда қолайлы инвестициялық климатты күшейту - табысты дамудың кепiлі болып табылады. Бұл мәселеге мемлекет баса назар аударуда. Қазақстан бес iрi экономикалық аудандардан тұрады:
Солтүстiк Қазақстан – астық шаруашылығы, темір және тас көмiр кен өндіру, машина жасау, мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсi, энергетика.
Шығыс Қазақстан – түстi металлургия, энергетика, орман шаруашылығы және машина жасау.

Батыс Қазақстан – мұнай және газды шығару, өңдеу, машина жасау, хром шығару, өңдеу, Каспий теңізіндегі теңiз тасымалы, мал шаруашылығы.

Орталық Қазақстан – қара және түстi металлургия, машина жасау, мал шаруашылығы.

Оңтүстік Қазақстан – түстi металлургия, құрал жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсiбi – мақта, күрiш, жүн, дән, жемiстер, көкөнiстер, жүзiм.

Өндіріс секторы ерекше орын алады, себебі ғалым-геологтардың бағалауына сәйкес, табиғи қорлардың мөлшерi бойынша Қазақстан әлемде 6-орынды алады. Химиялық элементтер кестесіндегі 110 элементтің 99-ы Қазақстанның жер қойнауында анықталған. Олардың 70-і барланған және 60-ы пайдаланылуда. Елдiң минералды-шикізат базасы 5004 кен орындарынан тұрады, бұның болжалды құны шамамен 46 триллион АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан әлемнің жетекші мұнай өндіруші елдерінің қатарына жатады. Мұнай өндiру көлемi шамамен бір жылға 80 млн. тонна мұнай мен газ конденсаттарын құрайды. Елде 200-ден аса мұнай және газ кеніштері бар, өндірілетін мұнайдың қоры - 5,4 миллиард тонна. Бұнымен қоса, Қашаған кенішін пайдалануға берілгеннен кейін, 2020 жылға қарай жылдық өнімді 100 млн.тоннаға дейін көтеру жоспарлануда.

Қазақстан пайдалы қазбалары бойынша әлемді келесі орындарды иеленеді: бiрiншi -мырыш, вольфрам, барит қоры бойынша, екiншi – күмiс, қорғасын, хромит бойынша, үшiншi – флюорит және мыс бойынша, төртiншi – молибден бойынша, алтыншы – алтын бойынша, жетiншi – темiр кенінiң жалпы қорлары бойынша.

Қазақстанда алтынның шамамен 300 кен орны бар деп болжанады, олардың 173-і толық барланған. Бұдан бөлек, шыны және фарфор-фаянстік өнеркәсiпке арналған шикізат ресурстарына бай: сирек кездесетін ғауhарлар, түрлi құрылыс материалдары және қаптайтын материалдар.

Қазақстан ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес, бизнес-климатты белсенді дамытып келеді. 2015 жылдың 30-қыркүйегінде жарияланған Бүкiләлемдiк экономикалық форумның (БЭФ) ғаламдық бәсекелестiкке қабiлеттілік туралы жылдық Есебінде Қазақстан 4,5 орташа баллмен 42-орынды алып, өз позициясын 8 тармақта жақсартқан. Қазақстанда дамыған елдермен бір топта, бұл жерде, дамуда, инновациялық даму мен тиiмдiлiк факторлары басты рөл ойнайды.

«Doing Business-2015» Бүкiләлемдiк банк рейтингiсінің нәтижесі бойынша, 189 елдiң арасында Қазақстан 77-орынды алған, жеке көрсеткіштен бойынша: "Инвесторларды қорғау"– 25-орын, "Салық" – 17-орын, "Меншiктi тiркеу" – 14-орын.

Ғаламдық инновациялық индекс -2014-те Қазақстан алдыңғы жыл нәтижелерімен салыстырғанда өз позициясын 5 тармақта жақсартып, әлемнің 143 елінің ішінен 79-орынды алған.
2014 жылы Лозанна қаласындағы Басқарушы дамудың Халықаралық институты өткізген әлемдiгi бәсекелестiкке қабiлеттiлік рейтингісінде Қазақстан 60 елдің ішінен 32-орынды алып, өз позицияларын 2 тармақта жақсартқан. Бәсекеге қабілетті елдер қатарына АҚШ, Швейцария және Сингапур мемлекеттері кірді.
"Сыртқы инвестициялар" (20, +9 позициялар), "Iшкi экономика" (28, +9) және "Бағалар" (39, +6) субфакторлары бойынша ілгерілеушілік байқалады.

Алдын ала бағалау бойынша, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде ЖІӨ-нің өсуі 2022 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 4,8%-ті құрады. Тауарлар өндірісі 4,6%-ке, көрсетілетін қызметтер өндірісі 4,7%-ке өсті. 6 түйінді саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,3%-ті құрады.

2023 жылғы шілдеде жылдық мәндегі инфляция 14%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 15%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 13,6%-ке өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 12,4%-ке, 8 103,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Салалар бөлінісінде инвестициялардың өсуі тұру және тамақтану бойынша кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте (68,2%-ке, 45,1 млрд теңгеге дейін өсу), көлік және қоймалауда (57,7%-ке, 966,7 млрд тг), денсаулық сақтауда және әлеуметтік қызметте (43,9%-ке, 143,8 млрд тг), мемлекеттік басқару және қорғаныста (36,6%-ке, 69,5 млрд тг), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте (26,1%-ке, 82,4 млрд тг), білім беруде (24,3%-ке, 191,2 млрд тг), саудада (22,6%-ке, 185,1 млрд тг), тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсетуде (21,9%-ке, 64,4 млрд тг), ауыл шаруашылығында (21,3%-ке, 491,1 млрд тг), сондай-ақ өнеркәсіпте (9%-ке, 3 987,8 млрд тг), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде (8,4%-ке, 2 624,1 млрд тг) байқалды.

Инвестициялардың өсуі барлық өңірде байқалды. Ең жоғары көрсеткіштер Абай (54,3%-ке өсу), Маңғыстау (45,9%-ке), Батыс Қазақстан (31,9%-ке), Павлодар (24,9%-ке) және Қызылорда (24,2%-ке) облыстарында байқалуда.

Елдің халықаралық резервтері 2023 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 94,4 млрд АҚШ доллардын құрады және 2023 жылдың басына қарағанда
3,9%-ке өсті. Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 2,5%-ке, 34,2 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 8%-ке, 60,2 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірістері 2023 жылғы маусымда 174 тыс. тг мың теңгені құрады және 2022 жылғы сәйкес аймен салыстырғанда номиналды мәнде 15,6%-ке, нақты мәнде 0,9%-ке өсті.

Орташа айлық жалақы 2023 жылғы 2 тоқсанда 365,5 мың теңгені құрады және 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда номиналды мәнде 17,1%-ке, нақты мәнде 1,2%-ке өсті.

Жұмыссыздық деңгейі 2023 жылғы 2 тоқсанда 4,7%-ті құрады.

Экономика салаларындағы ахуал

Өнеркәсіп өндірісі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,6%-ке өсті. Өсу өңдеу өнеркәсібінде 3%-ті, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 3,8%-ті құрады.

Өңірлер бөлінісінде өнеркәсіп бойынша 16 өңір оң өсуді көрсетті. Ең жоғары өсу Алматы қаласында (21,4%-ке өсу), сондай-ақ Ақмола (15,6%-ке), Алматы (12,3%-ке), Солтүстік Қазақстан (10,3%-ке), Абай (9,2%-ке)  облыстарында белгіленді.

Ақтөбе (-8,9%), Қарағанды (-6%), Қызылорда (-2,5%), Ұлытау
(-1,8%) облыстарында төмендеу байқалуда.

Өңдеу өнеркәсібінің салаларында тұрақты өсу сақталуда. Өңдеу өнеркәсібінің салалары бөлінісінде машина жасау өнімдерін өндіру – 28,7%-ке, оның ішінде автомобиль жасау – 43,3%-ке, электр жабдықтарын өндіру – 34,4%-ке, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін өндіру – 4,5%-ке, сусындар өндіру – 6,4%-ке, пластмасса өнімдері – 8%-ке, жиһаз – 14,7%-ке, жеңіл өнеркәсіп – 21%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және бапталған ауамен жабдықтау 6,3%-ке жоғарлады.

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 6,2%-ке өсті.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шағарылымы 2,6%-ке ұлғайды.

Ең жоғарғы өсу Маңғыстау (12,2%-ке өсу), Шығыс Қазақстан (11,4%-ке), Ақмола (4,3%-ке), Павлодар (4,1%-ке) және Абай (2,8%-ке) облыстарында байқалды.

Төмендеу Алматы облысында (-0,2%) тіркелді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,2%-ке артты.

Өсу 17 өңірде байқалды. Ең жоғарғы өсу Жетісу (73,7%-ке өсу), Батыс Қазақстан (50,8%-ке), Қызылорда (48%-ке), Абай (46,3%-ке) және Жамбыл
(32,4%-ке) облыстарында тіркелген.

Құрылыс жұмыстарының азаюы Ұлытау (-15,9%) және Алматы (-0,9%)  облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (-0,2%) байқалды.

8,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл
2022 жылғы сәйкес кезеңінің деңгейінен 11,7%-ке жоғары.

18 өңірде оң серпін байқалуда. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғарғы өсуі Ұлытау (59,8%-ке өсу), Абай (31,4%-ке) және Жетісу (18,1%-ке) облыстарында, сондай-ақ Алматы (34,3%-ке) және Астана (28,2%-ке) қалаларында байқалуда.

Төмендеу Атырау (-32%) және Маңғыстау (-7,3%) облыстарында тіркелді.

Қаржы секторы

2023 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша экономикаға банк секторының кредиттері 26 224,1 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 10 587,9 млрд теңгені, жеке тұлғаларға берілетін кредиттер
15 636,2 млрд теңгені құрады.

Депозиттер 2023 жылғы 1 тамызға 30 708,9 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың басына қарағанда 0,7%-ке азайды. Заңды тұлғалардың депозиттері 7,5%-ке, 14 146,3 млрд теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 5,9%-ке, 16 562,7 млрд теңгеге дейін көбейді.

Ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2022 жылғы желтоқсандағы 68,4%-тен 2023 жылғы шілдеде 74,4%-ке дейін өсті.

Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 – банк жүйесінен тыс ақша) көлемі 2023 жылдың басына қарағанда 4,4%-ке өсті және 3 506,9 млрд теңгені құрады.

Ақша массасы (М3 – айналыстағы қолма-қол ақшаның, банктік емес резидент заңды тұлғалардың мен халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын, сондай-ақ басқа да депозиттерінің сомасы) 0,2%-ке, 34 215,8 млрд теңгеге дейін төмендеді.

2023 жылғы шілдеде теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы 1 АҚШ долларына 440,55 – 452,51 теңге аралығында құбылып, орташа есеппен
2023 жылғы шілдеде 1 АҚШ долларына 445,2 теңгені құрады.

Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

Ағымдағы операциялары шоты 2023 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тапшылықпен қалыптасты және 3 619 млн АҚШ долларын құрады.

2023 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы (ҰСБ мәліметі бойынша) 67,2 млрд АҚШ долларын (4,3%-ке өсу), оның ішінде экспорт –
38 млрд АҚШ долларын (10,3%-ке төмендеді), импорт – 29,3 млрд АҚШ долларын (32,2%-ке өсті) құрады. Оң сауда теңгерімі 8,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Мемлекеттік бюджет көрсеткіштері

2023 жылғы қаңтар-маусымда мемлекеттік бюджетке түсімдер
11 440,4 млрд теңгені, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 9 237,7 млрд теңгені құрады. Шығыстар 13 071,8 млрд теңгені, оның ішінде шығындар – 12 332,5 млрд теңгені құрады, тапшылық – 1 631,4 млрд теңге.

Республикалық бюджетке түсімдер 8 637,5 млрд теңгені, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 6 146,6 млрд теңгені құрады. Шығыстар 10 961,7 млрд теңгені, оның ішінде шығындар – 10 420,8 млрд теңгені құрады, тапшылық – 2 324,1 млрд теңге.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік борышы 28 542,3 млрд теңгені (62,9 млрд АҚШ доллары) немесе болжамды
ЖІӨ-нің 24,1%-ін құрады. Мемлекеттік борыштың 86,3%-ін ҚР Үкіметінің борышы (24 623,7 млрд тг немесе болжамды ЖІӨ-нің 20,8%-і) құрады.

Жалпы, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді қоса алғандағы мемлекеттік борыш 2023 жылдың басымен салыстырғанда 12,2%-ке ұлғайып, 29 900,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде ішкі борыш – 20 118,2 млрд теңге немесе болжамды ЖІӨ-нің 17%-ін, сыртқы борыш – 9 782,5 млрд теңге немесе 8,3%-ін құрайды.

Қазiргi Қазақстан – бұл экономикасы тұрақты дамып келе жатқан мемлекет. Тиiмдi географиялық жағдай, пайдалы қазбалар байлығы, саяси тұрақтылық, жұмысшы күшінің сауаттылығы көп уақытта әлемдiк экономикалық жүйеде Қазақстанның табысты дамуына жол ашады. 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

ins
fb
yt

Меню подвал