ҚАЖ қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ҚР Ұлттық ұланының академиясы базасында өтуде

ҚАЖ қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ҚР Ұлттық ұланының академиясы базасында өтуде
19–24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының базасында қызметтік және дене шынықтыру даярлығына жауапты қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде.
 
Оқыту бағдарламасы:
«Қызметтік даярлық аясында жеке құраммен сабақтарды ұйымдастыру»
 
Курстың мақсаттары:
•Мамандардың теориялық және практикалық даярлық деңгейін арттыру;
•Сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуге бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру;
•Нұсқаушылар құрамының кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
 
Мұндай курстарды ұйымдастыру ҚАЖ мекемелерінің персоналын сапалы даярлауға, тиімді оқыту әдістемелерін енгізуге және қызметтік тәртіпті, физикалық даярлықты, сондай-ақ қызметтік міндеттерді жоғары деңгейде орындауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған.