16-18 мамыр күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында отандық тауар өндірушілердің “Ulttyq ónim” атты VIII дәстүрлі кең ауқымды көрмесі өтті.
Іс-шараға Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері де қатысты.
Көрмеде Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 350 отандық өндіруші өз өнімдерін ұсынды. Шараға келген астана тұрғындары мен қонақтары үкіметтің қолдауымен, “Даму” қорының бағдарламалары арқылы өндірілген сапалы отандық өнімдермен танысып, оларды сатып алуға мүмкіндік алды.
Көрмеде азық-түлік, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрал-жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейінгі әртүрлі өнімдер ұсынылды.
Аталған көрмеге қатысқан танымал брендтердің қатарында:
•«Гормолзавод»,
•ұлттық тәттілер өндірушісі “Aq Dam”,
•Galamilk сүт өнімдері,
•Altay Outwear (туризм мен белсенді демалысқа арналған киімдер мен жабдықтар),
•“Balausa Jewelry” зергерлік бұйымдары,
•аккумулятор батареяларын өндіруші “Қайнар АКБ” ЖШС,
•Қазақстанда толықтай жасалған алғашқы ирригациялық машинаның өндірушісі “Su bereke”,
•дезинфекциялық, косметикалық және жуғыш заттар шығаратын “Аврора”,
•тұрмыстық техника өндіретін “Almaty Turmystyq Tehnika Zavody” ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар бар.
Көрме аясында отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар өтті. Оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысып, еліміздегі бизнестің өзекті мәселелері, заманауи трендтері мен мүмкіндіктері талқыланды.