Қарағанды облысындағы №29 түзету мекемесінде тыйым салынған заттарды заңсыз жолмен жеткізу әрекеті дер кезінде әшкереленді.
Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген тексеру барысында күдік тудырған сәлемдеме мұқият қаралды. Нәтижесінде спорттық аяқ киімнің ішінен смартфон, қуаттағыш құрылғы, бірнеше SIM-карта және 19 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
Сәлемдеменің сыртқы орамасының күмән тудыруы қызметкерлердің жіті назарын аударып, тексеруді күшейтуге себеп болған.
Аталған дерек бойынша тиісті процессуалдық шаралар қабылдануда.