Заречный кентіндегі мекеме қызметкерлері су тасқыны жағдайында тәулік бойы кезекшілік етуді жалғастыруда.

Заречный кентіндегі мекеме қызметкерлері су тасқыны жағдайында тәулік бойы кезекшілік етуді жалғастыруда.

Су басу қаупіне байланысты мекеме әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдады.

Инженерлік құрылыстарға, коммуникациялар мен қоршауларға бақылау күшейтілді.

Жеке құрам казарма тәртібіне ауыстырылды.

Күзет қызметінен бөлек, қызметкерлер су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысуда: суды сорып шығару, құм салынған қаптардан уақытша бөгеттер салу, сорғы жабдықтарының жұмысын бақылау.

Уақытылы әрекет ету жағдайды бақылауда ұстап, төтенше оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

🇰🇿 Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері кез келген ауа райында — күндіз де, түнде де — қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қызмет атқарады.