Екі елдің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуымен консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Беларусь СІМ аралық консультациялар өтті.
Қазақстандық делегацияны СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Әубеков, беларусьтік делегацияны СІМ Бас консулдық басқармасының бастығы Андрей Кожан басқарды.
Отырыс барысында тараптар консулдық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Республика азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды талқылау, жазасын өтеп жатқан екі елдің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу осындай мәселелердің бірі болды.
Бұл мәселеде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Штаб бастығы Жантеміров Тимур Вячеславович таныстырды.
Кездесу соңында тараптар тиісті Хаттамаға қол қойды және консулдық қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.