Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

 Елордада ҚАЖ қызметкерлеріне кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету, азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және    ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерді болдырмаудың өзекті мәселелеріне арналған тренинг өткізілді.

 

Біздің қызметкерлердің білім деңгейін арттыру пенитенциарлық жүйедегі басым бағыт болып табылады. Мұндай іс-шаралар адам құқықтары мен сот төрелігі саласындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

 

Тренингтің мақсаты:

  • Кінәсіздік презумпциясы және азаптаулардан бас тарту саласындағы халықаралық стандарттар бойынша білімді өзектендіру.
  • Оқыту процестеріне кінәсіздік презумпциясы және азаптаулардың алдын алу тұжырымдамаларын практикалық енгізу арқылы жаттықтырушылар жұмысының тиімділігін арттыру.
  • ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық оқу орындары мен мекемелерінде тренингтер әзірлеу және өткізу үшін жаттықтырушылардың құзыреттерін дамыту.

 

Тренингтің міндеттері:

  • Қатысушыларды кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз етудің және азаптаулардан қорғаудың халықаралық тәжірибесімен таныстыру.
  • Қазақстанда нормативтік-құқықтық регламенттеуді зерделеу.
  • Кінәсіздік презумпциясы және азаптаудан бас тарту тұрғысында адам құқықтарын сақтауға қатысты сот практикасынан нақты кейстерді талдау.
  • Құрылымды әзірлеу және тренингтерді жоспарлау бойынша білімді жаңарту.

 

Сапалық білімді беру үшін спикерлер ретінде Алматы қалалық сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты Светлана Яковлева, Түркістан облысы аудандық сотының төрағасы Сапархан Омаров, сондай-ақ, ҚАЖ Комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Садыбеков шақырылды.

 

Тренинг қатысушыларға адам құқықтары, сот төрелігі және азаптаудың алдын - алу мәселелерінде өз білімдерін тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және практикалық тиімділігін арттыруға бірегей мүмкіндік берді.