79 адам тыйым салынған заттарды колонияға беруге әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

79 адам тыйым салынған заттарды колонияға беруге әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Сотталғандардың туыстары мен таныстары тыйым салынған заттарды пенитенциарлық мекемелерге жеткізуге әрекет жасауды жалғастыруда. Мұндай iс-әрекеттер бас бостандығынан айыру орындарындағы қауiпсiздiкке елеулi қатер төндiредi және колониялардағы тәртiптi бұзады.

2025 жылдың алғашқы үш айында жеткізу әрекеттерінің нәтижесінде:

* 136 ұялы телефон бірлігі,

* 7,623 кг есірткі заттары,

* 40,61 литр алкоголь,

* 393.590 теңге ақша қаражаты.

ҚАЖ қызметкерлері іргелес аумақтарды қарауды және патрульдеуді белсенді жүргізуде. Осы кезеңде тыйым салынған заттарды беруге әрекеттенген 79 азамат ұсталды. Олардың ішінде 31 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 11 адамға қатысты есірткі құралдарын заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан басқа, Атырау қаласының колониясына тыйым салынған заттарды жеткізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланумен екі оқыс оқиға тіркелді. Бұл ҚАЖ мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан жаңа технологиялардың дамып келе жатқан қатерін көрсетеді. Полиция департаменті және Ұлттық ұланмен бірлесе жұмыс істеудің арқасында іргелес жатқан аумақтарды патрульдеу барысында колонияларға тыйым салынған заттарды өткізуге тырысып жүрген 26 құқық бұзушыны ұстау мүмкін болды.

Өздерінің заңсыз әрекеттерін іске асыру үшін сотталғандар жиі таныстарын, туыстарын, сондай-ақ қоғамдық қорғаушылар мен адвокаттарды тартады. Жақында ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған затты Астана қаласының пенитенциарлық мекемелерінің біріне жеткізуге тырысты. Жұбайымен ұзақ кездесуге келген әйел 200 грамм есірткі затын мүше қапқа буып-түйіп,  іш киіміне жасырған. Әйелдің денесінде жасырылған орамды алу үшін медицина қызметкерінің көмегі қажет болды. Күдікті заттың нақты құрамы мен сипатын анықтау үшін дереу сараптамаға жіберілді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды қадам жаппай бейнебақылауды енгізу болды. Бұл жаңалық қызметкерлер жұмысының бақылау деңгейі мен тиімділігін едәуір арттыра отырып, колонияларда болып жатқан оқиғаларды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.

 

Бейнебақылау жүйесінің көмегімен тыйым салынған заттарды лақтыру сияқты заңсыз әрекеттерді жедел анықтау, сондай-ақ басқа да құқық бұзушылықтарды болдырмау мүмкін болады. Бейнебақылау камералары мекемелердің аумағында ғана емес, сондай-ақ колонияларға іргелес аймақтарды қоса алғанда, бұзушылықтар болуы мүмкін орындарда орнатылған. Бұл шешім қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейіне ықпал етеді және қауіп-қатерлерге дереу ден қоюға мүмкіндік береді.

Күдікті әрекеттер анықталған жағдайда қызметкерлер жедел шаралар қабылдап, тәртіп бұзуды алдын алып, кінәлілерді жауапкершілікке тарта алады.

Жаппай бейнебақылау құқық бұзушылықтарды тергеу және ықтимал тосын оқиғаларды болдырмау үшін дәлелдемелерді жинауға көмектеседі.