2024 жылғы шілде айында пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жабдықтарының бүлінгені үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.
Бұған қосымша сотталғандардан бейне жүйенің зақымдануынан келтірілген залал өндіріліп алынады.
Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін колонияларда сотталғандар үшін көрнекі сот процестері ұйымдастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жаппай бейнебақылау жүйесін енгізу жобасы аяқталды. Республика колонияларында бейнелері ҚАЖ комитеті мен Бас прокуратураның жүйелеріне нақты уақыт режимінде жағдайды мониторингілеу үшін интеграцияланған 39 мыңнан астам бейнекамералар орнатылған.