Қызылордалық азамат ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге тырысты

Қызылордалық азамат ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге тырысты

Қызылорда қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізбек болған азамат ұсталды.
Оқиға мекеменің негізгі қоршауының жанында орын алған. Оқиға орнына Жедел - тергеу тобы шақыртылып, тексеру барысында 4 ұялы телефон, 5 қуаттағыш құрылғысы және 1 құлаққап тәркіледі.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.
Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуовтың айтуынша, ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу – заң бұзушылық болып табылады және ол үшін заң аясында қатаң жаза қарастырылған.

— Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі түрде жедел тексеру шаралары жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Соған қарамастан, сотталғандардың туыстары мен таныстары түрлі айла-тәсілдер арқылы тыйым салынған заттарды өткізуге тырысады. Бірі тамақтың арасына жасырса, енді бірі аяқ киімнің табанына жасырып өткізбекші болады. Алайда заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды, – деп атап өтті мекеме бастығы.

ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, мұндай әрекеттерден бас тартуға үндейді.