
Өз айлықтарын жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмысқа алған өндіріс орнының кәсіпкері төлейді
Бүгінде мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар 100 пайыз жеке кәсіпкерлерге жұмысқа орналастырылған. Ай сайынғы айлықтары ең төменгі жалақы көлемінде.
Жаза өтеу кезінде ағаш өнімінен әр түрлі заттар жасап үйрене бастадым.
Кейіннен көлемді жиһаздарды жасап көріп, осы істі дамытуды ойға алдым. Мекемедегі кәсіпкерлердің біріне жұмысқа орналасып жиһаз цехының бригадирі болып жұмыс істеп жатырмын. Уақытылы айлығымды алып, Мемлекетке келтірген шығынымды төлеп жүрмін, – деді жазасын өтеуші.
Оның айтуынша, 10 нан астам сотталушы сағат 9:00-ден сағат 17:00-ге дейін шеберханада ас үй жиһаздарын, үстелдер, кеңсе жиһаздарын құрастырады. Ал айлықты түрмеде өндіріс орнын ашқан кәсіпкер төлейді.
– Мұнда жасалған өнімнің сапасы жақсы. Қаладағы шеберханаларда жасалған тауарлардан айырмашылығы жоқ. Тапсырыстарды уақытылы орындаймыз. Қазіргі таңда тапсырыстар өте көп түсіп жатыр – деді өндіріс орнының басшысы.
Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар цехта тек жиһаз жасамайды. Тапсырыс берсе, мекемелерге арнайы киім, сапалы аяқ киім тігеді, ұлттық ыдыс аяқтарды да жасайды. Қызметкерлердің айтуынша, бұл тауарларға сұраныс жоғары.