Қоғамдық қорғаушылар телефондарды тергеу изоляторына алып өтуге тырысты

Қоғамдық қорғаушылар телефондарды тергеу изоляторына алып өтуге тырысты

Өткен тәуліктің өзінде республиканың екі тергеу изоляторында ұялы телефондарды влып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар ұсталды.

Мәселен, 5 ақпанда Астана ТИЗО-сында жедел бөлімнің қызметкерлері фронт-офис кабинетінде жаппай бейнебақылауды пайдалана отырып, қоғамдық қорғаушының ұялы телефонды, 2 жұп құлаққапты, 2 SIM-картаны және қуаттағышты сотталғанға беру фактісін тіркеді.

Сол күні Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінің БӨП-те жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері қоғамдық қорғаушыны тексерген кезде аяқ киімнен телефон мен SIM-картаны тапты. Ер адам тергеу-қамауына алынған туысына «тыйым салынған затты» беруді жоспарлаған.

Мобильді құрылғылар мен керек-жарақтар тәркіленді. Қоғамдық қорғаушылар жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сотталғандарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жасалды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттектерді бергені үшін ескерту немесе он АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес тергеуші «қоғамдық қорғаушы» мәртебесін алу туралы қаулының күшін жоюға құқылы.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық қорғаушылар тарапынан тыйым салынған заттарды жеткізудің 20-дан астам әрекетінің жолы кесілді.