Әлеуметтік желілерде орналастырылған бейне бойынша Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің арнайы құралдарды қолдана отырып, заңды талаптарына бағынбау фактілерінің жолын кесу кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайынан асып кету белгілері байқалатынын хабарлаймыз.
Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқаратын лауазымдарынан шеттетуге ұсынылды. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа қатысы бар 11 қызметкер ІІО-дан теріс себептермен жұмыстан шығаруға ұсынылды.
Қазіргі уақытта прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.