Абай облысында “Пробация” ЖПІШ өтіп жатыр

Абай облысында “Пробация” ЖПІШ өтіп жатыр

Есепке алынған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында пробация қызметі 30 наурыздан 5 сәуірге дейінгі кезеңде облыс көлемінде “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шараны өткізу шеңберінде пробация қызметінің жеке құрамы Абай ПД Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің барлық аумағында тұратын бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулер жүргізеді. Барлығы – 156 сотталған тексерілді. Тексеру барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі. Инспекторлар сотталғандардың тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларын және олардың өмір сүру деңгейін егжей-тегжейлі зерделейді. Сондай-ақ сотталушылардың жақын туыстары мен көршілері олардың мінез-құлқына әсер етіп, түзетуге ықпал етуі мүмкін. Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзудың анықталған фактілері бойынша кінәлілер жауапқа тартылады. Құқық бұзушылықтарға жол берген сотталғандарға қатысты Абай облысы Семей қаласының №2 сотына тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберілген болатын. – Тәжірибе көрсеткендей, тек арнайы шаралар белгілі бір дәрежеде кез-келген құқық бұзушылық жасауға байланысты теріс процестерге әсер етуге мүмкіндік береді. Осындай шаралардың бірі жыл сайын жедел алдын алу іс-шараларын өткізу болып табылады, – деп бөлім бастығының орынбасары Жанар Накишева атап өтті.