ҚАЖ қызметкерлері, ардагерлер мен оқушылар Өскемендегі қарттар үйіне барды

ҚАЖ қызметкерлері, ардагерлер мен оқушылар Өскемендегі қарттар үйіне барды

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ оқушылар және ҚАЖ ардагерлері, қарттар үйінде тұратын қария кісілерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Үлкен ұйымшыл топ ретінде олар қарттар үйіндегі қариялардың көңіл-күйін көтеру үшін өз үлестерін барынша қосуға тырысты. Қызметкерлердің, ҚАЖ ардагерлері мен оқушылардың өздері орындаған сүйікті әндері шырқалып, өз кезегінде қарияла вальс билеп, жастық шақтарын еске алды.
Айта кету керек, қарттар үйінде барлығы 40-тан астам қария кісі тұрады.
Қарт адамдар іс-шараны өткізген ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Қонақтар жылы сөздер мен қамқорлықты қуана қабылдап, кездесуді жүректен шықанн шынайы әңгімелерімен аяқтады.