Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде ашық есік күні өтті

Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде ашық есік күні өтті

Іс-шара басталмас бұрын мекеме қызметкерлері сотталғандардың туыстарына іс-щараны өткізудің жоспары туралы айтып, режимдік аумақта өзін-өзі ұстау және тыйым салынған заттардың заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде нұсқау түсіндірді.
Туыстары үшін қызметкерлердің сүйемелдеуімен мекеме аумағына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар асхананы, кітапхананы, мекеме жасақтарын аралап шықты.
Мекеменің клуб-асханасында қонақтар үшін шағын шай дастарханы ұйымдастырылып, сотталғандар мен олардың туыстары бейресми жағдайда тілдесіп, сонымен қатар мекеме әкімшілігінің өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алды.
– Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп, әлеуметтік-пайдалы туыстық байланысты қалыптастыруға көмектеседі, – деп бөлісті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы Мұрат Сағымбаев.