Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері есептегі сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері есептегі сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті

Жақында Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті ауданының пробация қызметіне сотталған О. есімді азамат жүгінген. Ер адам есепте тұрып, оған әлеуметтік-құқықтық мәселелерді шешуге көмектесуін сұрады.
Пробация қызметінде айтылғандай, мұндай мәселелерді шешу үшін Көкпекті ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларының жеке бағдарламасы арнайы ережелер жолданды. Осы бағдарлама аясында пробация қызметкерлері ауданның жұмыспен қамту бөлімімен бірлесе отырып, азамат О.- ға өзіне қажет біржолғы жәрдемақыны рәсімдеуге көмектесті.
Ауыл тұрғыны оның өтініші осындай қысқа мерзімде қанағаттандырылғанына қатты қуанып, пробация қызметі мен жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын айтты.
Айта кету керек, Көкпекті ауданының пробация қызметкерлері әрқашан есепте тұрғандарды қолдауға тырысып, оларға тұрақты негізде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.