ҚР ІІМ ҚАЖК тергеу изоляторларында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында 4,7 мыңға жуық азамат дауыс бере алады

ҚР ІІМ ҚАЖК тергеу изоляторларында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында 4,7 мыңға жуық азамат дауыс бере алады

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, өздеріне қатысты үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын азаматтардың белсенді сайлау құқығы бар.

Мәселен, еліміздегі 16 тергеу изоляторында орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін жабық учаскелер жабдықталған.

Бұдан басқа, дауыс беруге дайындық кезеңінде ТИЗО әкімшілігі Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына дауыс беруге белсенді қатысудың маңыздылығы туралы ақпараттық жұмыстар тиісті дәрежеде жүргізді.

Сайлау процесі өтетін үй-жайларда тиісті бақылау, сондай-ақ күзет және қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге Республиканың тергеу изоляторларындағы 4.7 мыңға жуық азамат қатыса алады.