Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемесінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемесінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

Қызылорда облысы бойынша ЗК-169/1 мекемесінің кітапханасына Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 30 кітапты сыйға тартты.

Бұл кітаптарды мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры Олжабаев Қайрат Байдүйсенұлы кітапхана қорын арттыру әрі соталғандады тәрбиелеуге пайдалану мақсатында сұратқан болатын. Мекеме тарапынан жіберілген сұранысқа аз уақыт ішінде жауап берген рухани ордадан бүгінгі таңда 30 кітап алынып, мекеме кітапханасының қорына қосылды.

Әкелінген кітаптар алдымен ЗК-169/1 мекемесінің теологтары мен қызметкерлерінің жіті тексерісінен өткізілді. Тексеру барысында, әкелінген құнды сыйлар арасынан радикалдық бағыттағы және шытырман оқиғалы туындылар мен мекеме ішіне алып өтуге тыйым салынған заттар анықталған жоқ. Бұл кітаптардың ішінде қазақ әдебиетінің классик жазушыларының қазақтың бес арысының да, шығармалары бар. Кітаптарды сыйға тартқан кітапхана басшылықтарына алғысымызды білдіре отырып, сабырлы ұстаз саналатын кітаптың, жазасын өтеушілердің түзеу жолға түсуіне септігін тигізетіне сенімім  мол – деп атап өтті, майор Қ.Олжабаев.

«Кітап — ең сабырлы ұстаз! Тек кітап ғана қайырылымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді» деп, айтылғандай бұл құнды дүниелердің сотталғандарды тәрбиелеуге игі әсері болатыны анық. Өйткені, мекемеде жазасын өтеушілер арасында «артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге» қағидасын ұстанатындар саны жеткілікті.