Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ мекемесінде ҚБК қатысушылары кезекті мониторинг өткізді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ мекемесінде ҚБК қатысушылары кезекті мониторинг өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері - Марат Сатарқұлов пен Шавкат Исмаилов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесінде болды. Мекеме бастығы Нұрғали Ажихановпен бірге құқық қорғаушылар тұрғын аймақты аралап шықты: отрядтардың тұрғын үй-жайларын, медициналық бөлімді, өндірістік аймақты тексерді.
ҚБК өкілдері мекемеде жазаны өтеу жағдайларын тексеріп, сотталғандарды жеке қабылдау өткізіп, онда медициналық қамтамасыз етуге қатысты мәселелер қаралды.
ҚБК төрағасы Марат Сатарқұлов атап өткендей, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД мекемелерінің қызметкерлері қажетті құжаттарды уақтылы ұсынып, қоғамдық бақылаушылардың қызметін жүзеге асыруға қолдау көрсттеді. ҚБК қатысушылары кез келген уақытта айыпталушыларды, күдіктілерді және сотталғандарды жеке қабылдап, оларды қызықтыратын мекемеге бара алады. Елорда мекемелерінде мұндай сапарлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, бұл ҚАЖ қызметінің Қоғамдық бақылау комиссиясының жұмысына жан-жақты жәрдемдесу мен қолдаудың өзіндік кепілі және көрсеткіші болып табылатыны айқын.