ҚАЖ ардагерлеріне құрмет

ҚАЖ ардагерлеріне құрмет

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сала ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Департамент бастығы Есенкелдиев Шаймерден ардагерлерді ҚАЖ саласындағы мінсіз қызметі үшін «Қазақстан полициясының 30 жылдығы» медалімен марапаттады. Жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ҚАЖ саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер – Тұрсынбай Баймаханов, Күзембай Қожақов, Әділхан Сапаров, Жәдігер Тәжиев, Талғат Ахметов, Ғабит Қалыбаев.
Департамент бастығы ардагерлерге қызметке деген адалдықтары мен шыдамдылықтары үшін алғысын білдіріп, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.
– ҚАЖ саласында 30 жылға жуық қызмет жасадым. Еңбек жолымды сол кездегі Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасына қарасты 10-колониясында жасақ бастығы болып бастадым. Әр жылдары осы мекемеде режим бөлімінің басшысы, жедел уәкіл қызметтерін абыроймен атқарып подполковник шенімен зейнеткерлікке шықтым. Департамент басшысы ардагерлерді ұмытпай, “Қазақстан полициясының 30 жылдығы” медалімен марапаттап жатқаны, әрине, қуантады. Бұл біздің кезінде сіңірген еңбегіміздің ұмытылмағандығын білдіреді. Құрметтеп жатқан департамент бастығына алғысымды айтамын, – деп бөлісті ҚАЖ ардагері Әділхан Сапаров.