Өскеменде ҚАЖ қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті

Өскеменде ҚАЖ қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ерлер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстың алдында ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Мақсат Сейтахметов қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.
- Облыстық колониялар арасындағы волейбол жарысы жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізіледі және пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің беделін арттыруға, волейболды танымал етуге және дамытуға ықпал етеді. Волейбол-командалық спорт түрі, жарысқа қатысу нәтижесі команда мүшелерінің ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі, - деп атап өтті ол.
Жарыс ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/22 спорт залында ұйымдастырылып, оған бес команда қатысты. Әр ойын қызықты өтті, қатысушылар дәл және күшті әдістерді қолдана отырып, қателіктер жібермеуге тырысты. ОВ 156/1, ОВ 156/2, ОВ 156/3, ОВ 156/20 және ОВ 156/22 командаларының ойыншылары ымырасыз ойын өрнегін көрсете білді.
Тартысты жарыс қорытындысы бойынша командалар арасында ең мықты және үздіктер анықталды: бірінші орынды ҚАЖ департаментінің құрама командасы, екінші орынды ОВ 156/2 мекемесінің командасы және қола медаліді ОВ 156/20 мекемесінің командасы жеңіп алды.
Үздік командалар мен ойыншылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа қатысушылар еліміздің маңызды мерекесі қарсаңында сергектік қуатын алып, жағымды эмоцияларымен бөліскенін атап өтті.