Ақмола облысының колониясында әртістер сотталғандар үшін әзіл сықақ қойылымын қойды

Ақмола облысының колониясында әртістер сотталғандар үшін әзіл сықақ қойылымын қойды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі алдағы спектакль туралы афишаны орналастырғаннан кейін, ұйымдастырылатын кездесуден жанданып, біраз әбігерге түсті.
Кипрдегі Халықаралық фестиваль, Ресейде бірнеше рет кездесулер өткізген актерлер тобы «Күлімдеп өмір сүруді үйреніңіз» атты комедиясын қойды.
«Бүгін біздің алдымызда біршама ерекше көрермен, мүмкін театр өнерінде тәжірибесіз болса да, мен комедияның негізгі жоспарын жеткізгім келеді және актерлердің ойыны арқылы адам табиғатының эмоцияларын, шынайылығы мен мәнін жеткізгім келеді. Бұл қойылым кездейсоқ таңдалмады, ҚАЖД – мен талқыланып, негізгі мақсат – жазасын өтеушілерге жер бетінде қайырымды адамдардың көп екенін еске салу, күйзелідің қажеті жоқ, өмірді сүю керек, оның әр сәтін бағалау керек», - дейді театр директорының орынбасары, актерлік топтың жетекшісі Марина Друцкая.
Белгіленген уақытта, белгіленген сахнаның пердесі ашылған кезде залда тыныштық орнады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі грузин ауылы өзінің өмірі, негіздері мен дәстүрлерімен көрерменді қызықтырды. Жеңіл кавказдық әзіл-оспақ, қонақжайлылық әдет-ғұрпы залда ұзақ қошемет пен күлкіге бөленді. Лезгинка биі қатты ду қол шапалақтарға иеленді.
«Спектакль өте ұнады, жай ғана күнделікті өмірден алшақтап кеттік. Мен ешқашан театрда болмағанмын, бұл өте қызық екен. ҚАЖ департаментіне, мекеме әкімшілігіне үлкен алғысымды білдіремін, мұндай шаралар мұнда өте қажет, олар моральдық тұрғыдан үлкен көмегін тигізеді», - деп бөлісті сотталған Георгий.