Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ мекемесіне телефонды өткізу әрекетінің жолы кесілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ мекемесіне телефонды өткізу әрекетінің жолы кесілді

Аршалы кентінде орналасқан төтенше қауіпсіз мекемесінің айналасын аумақты патрульдеу кезінде екі белгісіз адам байқалды, алайда қызметкерлерді көрген олар, бірден жасырынуға тырысты. Бұл адамдар тыйым салынған затты ҚАЖ мекемесінің аумағына лақтыруды жүзеге асыру үшін астанадан келгені анықталды.
Мекеме қызметкерлері іргелес аумақты аралап шығу кезінде қарда ұялы телефоны бар скотчпен оралған затты тапты.
– Соңғы айларда біз Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/5 мекемесінің аумағына сотталғандармен пайдалануға тыйым салынған заттарды өткізудің 10-ға жуық фактісінің алдын алдық. Алайда, аталған тұлғаларға қатысты әкімшілік іс қозғалғанына қарамастан, ҚР ПӘ 481-бабының тәртібінде айыппұл салынады, ескертулер шығарылады, «заң бұзушыларға» қатысты қабылданған шаралар туралы ақпарат БАҚ – та, күту, қысқа және ұзақ мерзімді кездесулер бөлмелеріндегі көрнекі үгіт стендтерінде орналастырылатынына қарамастан, сотталғандармен пайдалануға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері жалғасуда, - деп түсіндірді мекеме бастығы Нұрлан Беков.