БҚО бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандарға арналған қойылым ұйымдастырды

БҚО бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандарға арналған қойылым ұйымдастырды

Пандемия жарияланғаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті. Сол уақыттан бері мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілген жоқ. Санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шыққаннан кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/2 мекемесінің тәрбие бөлімі 21 қазанда сотталғандар үшін Х.Бөкеев атындағы облыстық қазақ драма театрының актерлерін шақырып, «Қысқа ғұмыр» атты спектакль қойды.
Мекеме бастығының міндетін атқарушы Бағлан Ойықбаев түсіндіріп өткендей, көрсетілімнің мақсаты – әрбір сотталғанға отбасылық өмірдің құндылығын жеткізу, сондай-ақ отбасымен өткізген әрбір сәтті бағалау қажеттігін түсіндіру.
Спектакльді көргеннен кейін сотталғандар актерлерге зор ықыластарын білдірді. Тәрбие бөлімінің бастығы Ерлан Айберситовтың айтуынша, сотталғандардың көбісі спектакльге өмірінде алғаш рет қатысқан.