Санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шыққаннан кейінгі бірінші күні түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен ұзақ мерзімді кездесулерді қайта бастауға рұқсат етілді, РУ-170/3 мекемесіндегі қатаң режимдегі түзеу колониясында неке тіркелді.
Мұндай қызықты шараны қалыңдық пен күйеу жігіт ұзақ уақыт күтіп, ұзақ мезімді кездесулер бөлмесінде кездескен кезде ерлі-зайыптылар эмоцияларын ұстай алмай, қалыңдықтың көздеріне қуаныштан көздеріне жас толып, ал күйеу жігіт қарапайым ғана ізет танытты.
Жаңадан келгендердің некесін тіркеу үшін арнайы келген АХАТ қызметкері жүргізді, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ол осы салтанатты іс-шараның барлық дәстүрлерін және карантиндік шектеулерді сақтай отырып, рәсімді өткізді.
Күйеу жігіттің қалыңдығымен некесінің күші – бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметті білдіріп, ал қазіргі таңдағы бостандығына шектеулігі кедергі болмайтынын жеткізді. Ерлі – зайыптылардың ортақ хоббиі бар, ол – балық аулау, музыка және спорт. Сондай-ақ, жас жұбайлар болашақта кемінде үш баласы болғанын қалайтынымен бөлісті.
- Сотталғанмен ресми неке қиюдың артықшылықтары бар, олар ерлі-зайыптыларды қоғамдық қорғаушы ретінде тану болып табылады, бұл жұбайының бас бостандығынан айыру орындарында болған кезінде үнемі болуын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, үкім заңды күшіне енгеннен кейін ерлі-зайыптылардың бірі ұзақ уақыт кездесуге рұқсат алуға құқылы. ҚАЖ мекемесінде ұсталатын адамдардың әлеуметтік-пайдалы байланыстарын қолдау мекеме қызметкерлерінің маңызды міндеті болып табылады, - деп түсіндірді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бағлан Ойықбаев.
Жас жұбайларды мекеме қызметкерлері құттықтап, неке қию туралы куәліктерін табыс етті.