Пенитенциарлық мекемелерде қысқа және ұзақ мерзімді кездесулерді тоқтату туралы шаралар

Пенитенциарлық мекемелерде қысқа және ұзақ мерзімді кездесулерді тоқтату туралы шаралар

Коронавирустық инфекцияның жаңа штамдарының пайда болуына және таралуына жол бермеу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде карантиндік шаралар әлі де сақталуда.
Сотталғандар мен жеке құрамның ауруды жұқтыруына жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысын және соңғы 2021 жылғы 14 шілдедегі өзгерістермен және толықтырулар енгізілген № 32 қаулысын басшылыққа алады.
Осы қаулыға сәйкес ауырғандарды тіркеу деңгейі жағынан жоғары (қызыл аймақ) өңірлерде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер беру тоқтатылды. ҚАЖ мекемелерінде ұстауда отырғандарға телефон арқылы сөйлесулер, сондай-ақ бейнекездесулер берілуде.
Бүгінгі таңда сотталғандар мен тергеудегілер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, короновирустық инфекцияның жаңа штамдарын жұқтыруға және таратуға жол бермеу, оның ішінде желдету, палаталар мен кабинеттерді кварцтау, сондай-ақ маска режимін сақтау шаралары күшейтіліп жатыр.
Қаулыда көрсетілген шектеулер сотталғандарды этаппен алып жүруге (тасымалдауға) жататын мекемелердің персоналына қолданылмайды. Бұдан басқа, вакцинациялаудың толық курсын алған жағдайда, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар мекемеден тыс жұмыс объектілеріне жіберіледі (№24 қосымшаның 3-тармағы).
Пенитенциарлық мекеме - бұл аурудың тез таралу қаупін тудыруға әкеп соғуы мүмкін жазасын өтеп жатқан адамдар көп шоғырланған оқшауланған аумақ. Осыған қарамастан, қабылданып жатқан алдын алу шаралары бүгінгі күнге дейін сотталғандардың жаппай жұқтыруын болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер қайта берілетін болды.